Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 73-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Сабы бар жұмыр,
Еріні мықты.
Шегені шымыр,
Суырып шықты.Кемпірауыз
Мойны жар бермей,
Желкеден қыса бастайды,
Жөнге жүрместі,
Сереңдетіп жұлып тастайды.Кемпірауыз
Күші білінбес жүзінен,
Қақ бөлінер әйнегің,
Сызып өткен ізінен.Алмас
Ағаш көрсе қышынар,
Сояу-сояу тісі бар.
Ара
Маржан тісі ақсиып,
Ызылдап ән шырқады.
Көк тіреген қақшиып,
Қарағайды қырқады.Ара
Қарасаң,
Жай зат сияқты күші кем,
Бірақ та,
Бүтінді қақ бөледі тісімен.Ара
Екі тас беттескен,
Жұтады бидайды.
Бір дәнін Бірақта,
Жеуге өзі қимайды.
Майдалап қайтадан,
Адамға сыйлайды.Диірмен
Орнатылған шығырға,
Қанаты бір талмайды.
Тұрғанымен тұғырда,
Жел соңынан қалмайды,
Айналады зырылдап,
Жанармайсыз бірақта.
Күні бойы шырылдап,
Ұша алмайды жыраққа.Жел диірмен
Құс ұясы секілді,
Үйшігі бар биікте.
Өрілген қос кекілді,
Тұрар мойын иіп те.Кран
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.Бағдаршам
Бірнеше тармақты,
Лақтырсаң қармақты.
Жүздірмей тастайды,
Кемені салмақты.Зәкір
Шымыр білек қайыспай,
Көтергенде ауыр жүк,
Тік тұрады майыспай.Домкрат
Төбесінде кіндігі,
Жалғанған желіге.
Қабырғада күндігі,
Нұр шашқан төріне.Троллейбус
Қатар жатқан қос білек,
Үстінен келер күш үдеп.Теміржол
Жер асты даңғылы,
Көлігінің зулаған,
Естіледі саңқылы.Метро
Әкемнің тор тайы,
Май жалап, су ішсе,
Тоқтамай жортады.Машина
Жер қатпарын қашайды,
Тау да,
Сай да жасайды.
Қыршылдатып тістерін,
Топырақты асайды.Экскаватор
Жылжымалы баспалдақ,
Сатыларын бассаң нақ,
Не жоғары, не төмен,
Сырғимын да жетем мен,
Көзді жұмып, ашқанша-ақ.Эскалатор
Көктен көзін алмайды,
Ғарыш сырын барлайды.Телескоп
Тоққа қоссаң зырылдайды,
Бір бағыттан бұрылмайды.
Жуан жұмыр темірді,
Қырнап, жонып кемірді,
Өлшеп берсең кеседі,
Керек етсең теседі,
Артық болса қашайды,
Қажет тетік жасайды.Станок
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі