Ол жұмса көзін,
Ұйқтаймын өзім.
Жана-жана түнде,
Таусылды ол мүлде.
Сені қуантып,
Ақ нұрға шылап,
Өзі күйініп,
Тұрады жылап.
Қабырғасы шойыннан,
Омыртқасы шойыннан
Жылыту үшін бөлмені
Үй ішіне қойылған.
Қара үңгірде қара тас,
Жанғанда бетті қаратпас.
Қарынды, баста қылған, аяғы үш,
Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті,
Қарнына таяқ тығып піспектесең,
Ысқырып күрілдейді қайнайды күш.
Осындай түсі суық мақұлық бар,
Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.
Көмір шайнап,
Темір құсады.
Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.
Тетіктерін бір бассаң,
Қараңғыға нұр шашқан.
От қойсаң — жалын шығар,
Бос қойсаң — жаның шығар.
Қабырғаға қасынар,
Былғауыш басы бар.
Үй үстінен
Көкке өрлеп шығады,
Әуе ішінен,
Із-тұз жоқ боп тынады.
Шудалары желпеңдеп,
Үйден шығып жатады,
Көкке өрлейді көлбеңдеп,
Бұлт болып батады.
Салып ем шыны сарайды,
Тілінен жарық тарайды.
Өңеші кең,
Дәу аузымен жұтады.
Төбесі дөң,
Кіші аузымен құртады.
Құйтымдай сандықтың,
Суырмасы толып тұр,
Қажетті заты сан жұрттың.
Қимылы оңдырмас,
Кішкене қоңырбас.
Түсі нарттай,
Тілін тартпай.
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай.
Жердің әрін жейді,
Жолда кезіккеннің,
Аямай бәрін жейді.
Бұл қандай алпауыт?
Айта ғой, дәл тауып?
Жүрген жерін жалмайды,
Тастан басқа қалмайды.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі