Жинап тозаң, түйірді,
Аспан ұршық иірді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Боз шудадай түр-өңі,
Қол-аяқсыз жүреді;
Аттап бассаң бір елі,
Көзді байлар түнегі.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тұнығынан көк көлдің
Сөнбей жатқан шоқ көрдім.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қантқа ұқсас ақтығым,
Қыспен бірге шаттығым.
Күннің көзі жылынса,
Басылады аптығым.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шуда-мамық көктегі
Інжу-маржан төккені.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көлде жүзген көп қайық,
Бір қарасам, жоқ, ғайып.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ моншағым үзілді,
Қара жерге тізілді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бірде доп та
Бірде орақ.
Күндіз жоқ та,
Түнге қонақ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көркі қызыл, жасылды,
Көпір көкке асылды.
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дауыл дәнді ұшырып,
Шарлар жауды аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ортасында діңгегі бар,
Толып жатқан ілгегі бар.
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шөп үстінде қалтырап,
Моншақ жатыр жалтырап.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жер астынан су шығарып аспанға,
Мәз болады моншақтарын шашқанға.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қақпаларды ашады,
Жапырақты шашады.
Балалардың қалпағын
Жұлып алып қашады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түрлі сәуле төгілген,
Көпір көкте керілген.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Біреуі от болып жанып тұр,
Жарығы ғаламат – анық бұл.
Біреуі тек қана жарқырап,
Қуатты жарықтан алып тұр.
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір-біріне жете алмай,
Бірін бірі басып-озып кете алмай,
Екі мықты жағаласып келеді
Шекарадан өте алмай.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алыстан «Айдын көл» дейсің,
Жақын барсаң, көрмейсің.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Санының жоқ есебі,
Көлемі тез өседі.
Ұстай қалса ашуы,
Түйдек-түйдек көшеді.
Кетпесе тек сұйылып,
Қара жерге шүйіліп.
Ақырады айбармен,
От қамшысын үйіріп.
Өңі қара түнектей,
Желкілдейді үлектей.
Түседі ақыр аспаннан,
Сансыз ұзын жібектей.
Кезсе дала – қаланы,
Қуанып ел қалады.
Сондай сәтте көз жасын,
Төгіп-төгіп алады.
Жердің шөлін қандырып,
Тірлік бағын жандырып –
Кетеді,
Бұл кәдімгі?Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ көбелек секілді,
Жерге жылдам жетуді,
Аңсай ма екен?
Төпелеп.
Түсіп көктен төтелеп,
Қыстыгүні жауады,
Тазартады ауаны.
Көк аспанның еркесі,
Жердің аппақ көрпесі.
Жұмсақтығы мақпал,
Ол кәдімгі?Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспан – атам егілді,
Қабырғасы сөгілді.
Жанарынан санақсыз,
Жас тамшысы төгілді.
Жердің беті әп-сәтте,
Ақ маржанға көмілді,
Күн шыққанда дидары,
Ғайып болды, не білді?Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жылт-жылт етіп жыланша сумаңдайды,
Қысы-жазы жортса да қиналмайды.
Күллі жанды, жансызды қандырса да,
Ешкімге де бәлсініп бұлданбайды.
Он сегіз мың ғаламда ол болмаса,
Адамзатта жасайтын күй қалмайды.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тамсандырып кіршіксіз келбетіне,
Қыс күндері қонады жер бетіне.
Көктем келсе елжіреп, қара жердің,
Кіріп кетер қойнына – кеудесіне.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Су ма десең су емес,
Бу ма десең бу емес.
Көшіп жатыр далада,
Толқын-толқын бір елес.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Айдаһардың арқасына жатып ап,
Күн суыса шыға келер шатынап.
Бірақтағы, жоғалады зым-зыя,
Көктем келіп бусанғанда атырап.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қусаң мойын бұрмайды,
Қайрасаң да тұрмайды.
Қашан шаршап біткенше,
Ескеуілдеп тынбайды.
Ол келгенде теректер,
Бас шұлғысып шулайды.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көзіңе көрінбейді, ысқырады,
Еліріп кейде қатты ышқынады.
Өзінің болмаса да қол-аяғы,
Жолыққан бар нәрсеге күш қылады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түнде сөнемін,
Таңертең қайтып келемін.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күмбірлетіп тау ішін,
Қайталанды дауысым.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дауысынды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткізер құлаққа.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі