Алты қырлы,
Бiр сырлы.Қарындаш
Төркінін танысаң,
Жақ аштырмайды.
Танымасаң жарастырмайды.Сөз
Айғағы жоқ,
Айтары көп
Айтқанынан
Қайтары жоқ.Кітап
Дауысы жоқ, тілі жоқ.
Сөйлеп кетсе, міні жоқ.Кітап
Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.Білім
Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.Сөз
Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.Портфель
Бір зат бар тілі жоқ,
Ал, сөзінде міні жоқ.Хат
Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің.Кітап
Қате жазсаң,
Өшіремін.
Бар міндетім –
Осы менің.
Өшіргіш
Сүйегіңнен өтеді,
Жүрегіңе жетеді.Сөз
Yнciз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің.
Кітап
Пышақпен ұштала береді,
Бойы қысқара береді.
Қарындаш
Қабат-қабат, қабат-қабат ағаш үй.
Әйнектелген, лакталған тамаша үй.
Тұрады онда әр дәуірдің адамы,
Тұтпайды оны адамның тек наданы.Кітап сөресі
Мұрнын басса, жабыла сап,
Ернін басса, ашылады,
Ол жоқ жерде, бақыласақ,
Жеті аспабың шашылады.Сумка
Әрі итерсең аунайды,
Бері итерсең аунайды.
Түрі-түсі түгелдей
Анасынан аумайды.Глобус
Жез қораның ішінде
Темір құлын кісінеп,
Қайта келіп ісіне
Кіріседі кісі көп.Қоңырау
Есігі бар төбесінде,
Отырасың келесің де.Парта
Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан еледі.Қарындаш
Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.Сызғыш
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі