Жұмбақтар жауабымен

Жұмбақтар жауабымен

Бұл бөлімде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Мұнда логикалық, математикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады.

Жауаптары бірге берілгендіктен, мазмұнды тез қарап шығуға ыңғайлы. Жұмбақтар балаларға да, ересектерге де ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.


«К»-деп егер бастасаң,
Шомыласың суына
«Т»-дан егер бастасаң,
Төрт түліктің баласы
«Ш»-дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына.
«С»-дан егер бастасаң,
Ақ қайыңнан аласың

Көл –Төл – Шөл - Сөл


Күнделікті өмір мен табиғат туралы жұмбақтар
(Жауаптары төменде)
──────── 1 ────────
Төрт аты бар,
Төрт пілі бар.
Шайқас алаңын
Біліп ал.

──────── 2 ────────
Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты.

──────── 3 ────────
Үйімізде салбырап
Ақ алмұрт тұр албырап.

──────── 4 ────────
Құлағында – құлағым
Аузында – аузым.
Күнде естіп тұрамын
Жолдасымның даусын.

──────── 5 ────────
Қағып-қағып қаласың,
Қосасың,
Аласың.

──────── 6 ────────
Мұхитта ұзын бір
Фонтан жүзіп жүр.

──────── 7 ────────
Он-он бесі жиылды,
Бір белдікпен буылды.

──────── 8 ────────
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде.

──────── 9 ────────
Ол өсіп әуре,
Ел кесіп әуре.

──────── 10 ────────
Үй ішінде
Ауық-ауық
Тұрады бір
Жаңбыр жауып.

──────── 11 ────────
Жиырма төрт батыр,
Бір-бірін жеп жатыр.

──────── 12 ────────
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан.

──────── 13 ────────
Күнімен, түнімен
Көшіп жүр үйімен.

──────── 14 ────────
Кездеспейді екеуі,
Көк аспанда мекені.

1 — Шахмат, 2 — Самолет, 3 — Электр шамы, 4 — Телефон, 5 — Есеп шоты, 6 — Кит, 7 — Сыпыртқы, 8 — Апорт, 9 — Шаш, 10 — Душ, 11 — Дойбы, 12 — Қайшы, 13 — Тасбақа, 14 — Ай мен Күн


Метаграммалар

──────── 1 ────────
«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың,
«Ш»-ны орнынан алғанда,
Терезеге саласың

──────── 2 ────────
«К»-ден бастап оқысаң,
Құс атауы, қарашы!
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы

──────── 3 ────────
Егер «И»-ден бастасаң,
Хайуанаттың түрімен.
«И»-ді алып тастасаң,
Әріптердің бірімін

──────── 4 ────────
Оңға қарай оқысаң да – бір халық,
Солға қарай оқысаң да – бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс

──────── 5 ────────
«К»-деп егер бастасаң,
Шомыласың суына
«Т»-дан егер бастасаң,
Төрт түліктің баласы
«Ш»-дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына
«С»-дан егер бастасаң,
Ақ қайыңнан аласың

──────── 6 ────────
Сөз басында «Б» болса,
Бас киімің боламын.
Сөз басында «Ө» болса,
Жазда пісіп соламын

──────── 7 ────────
Егер «М»-ден бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»-ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын

──────── 8 ────────
Егер «С»-дан бастасаң,
Бір баласы қазақтың.
«С»-ны алып тастасаң,
Ең тәуірі ол, тамақтың

──────── 9 ────────
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады

──────── 10 ────────
«К»-дан егер бастасаң
Түндей қара бір түспін.
«Ш»-дан егер бастасаң
Ернеуі кең ыдыспын

──────── 11 ────────
Алғашқы буыны – құс,
Соңғы қос әрпі – түс.
Екеуін қосып жіберсең,
Көл жағалап тік өсем

──────── 12 ────────
«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегістер,
«Ү» түсіп қалса жаманы,
Құлама болар тегіс жер

──────── 13 ────────
Майысқақпын, нәзікпін,
Садақ болып иілем.
Соңғы әріп «Н» болса,
Қоқыстарға үйілем

──────── 14 ────────
Ұқсайтұғын жылқыға,
Қамыс құлақ көлікпін.
«К» орнына «П» қойсаң,
Ойлантуға берікпін

──────── 15 ────────
Шалқимын арнамда,
Ал бірақ тұрмаймын тесікте.
Алғашқы дыбысым өзгерсе,
Көкте ұшып жүремін

──────── 16 ────────
Кезерді ерінің,
Шөбі болмас жерінің.
«Ш» орнына «К» тұрса,
Өсімдіктің нәрімін

──────── 17 ────────
Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса,
Өлшеммін, дәуірмін

──────── 18 ────────
Қақ тіліп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады

──────── 19 ────────
Сән берем әркімге,
Әріпті бастапқы сызсаң,
Жөн сілтер ұстазбын

──────── 20 ────────
«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Гүлге нәр болам

──────── 21 ────────
«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңістік

──────── 22 ────────
Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең,
Жігер берер ұранмын

──────── 23 ────────
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып жүремін.
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толам

──────── 24 ────────
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң,
Тағам болам

──────── 25 ────────
«Ж»-мен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
Өшірсең,
Су ағатын арна

──────── 26 ────────
Ақ бояуға қанықпын,
Бас әріп өзгерсе,
Жазық болам

──────── 27 ────────
Жасыл желек алабым,
Алғашқы әріп өшсе,
Әдепті боласың

──────── 28 ────────
Бойында өссем тоғанның,
Бір әріп қоссаң,
Үндемейтін адам болам

──────── 29 ────────
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның

──────── 30 ────────
Тәтті дәм,
Қоссаң – суда жүзеді

Жауаптары:

1 Шәйнек-Әйнек, 2 Кекілік-Екілік, 3 Ит-Т, 4 Қазақ-Қаз-Ақ, 5 Көл-Төл-Шөл-Сөл, 6 Бөрік-Өрік, 7 Май-Ай, 8 Сайран-Айран, 9 Жаз-Қаз, 10 Қара-Шара, 11 Құрақ, 12 Үтік-Тік, 13 Шыбық-Шыбын, 14 Есек-Есеп, 15 Су-Бу, 16 Шөл-Көл, 17 Бақыт-Уақыт, 18 Жол-Қол, 19 Мата-Ата, 20 Қара-Ара, 21 Қала-Дала, 22 Балға-Алға, 23 Қоян-Ноян, 24 Қаз-Қазы, 25 Жарық-Арық, 26 Мақта-Тақта, 27 Сүлгі-Үлгі, 28 Жуа-Жуас, 29 Таяқ-Аяқ, 30 Бал-Ық-Балық


Балаларға арналған жұмбақтар (жауаптары төменде)


──────── 1 ────────
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады

──────── 2 ────────
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді

──────── 3 ────────
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр

──────── 4 ────────
Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті

──────── 5 ────────
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді

──────── 6 ────────
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям

──────── 7 ────────
Ағайынды бәрі:
Шықса – көк,
Түссе – сары

──────── 8 ────────
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл

──────── 9 ────────
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама

──────── 10 ────────
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі

──────── 11 ────────
Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп,
Қағазды жеп қояды

──────── 12 ────────
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат

──────── 13 ────────
Бұтағында азығы,
Ортасында қазығы

──────── 14 ────────
Ақ құман жүр жүзіп,
Су бетін сүзіп

──────── 15 ────────
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған

──────── 16 ────────
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы

──────── 17 ────────
Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап

──────── 18 ────────
Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі

──────── 19 ────────
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ

──────── 20 ────────
Бір-ақ сөз біледі,
Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді,
Және жоқ қонысы

──────── 21 ────────
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт

──────── 22 ────────
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды

──────── 23 ────────
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз

──────── 24 ────────
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды

──────── 25 ────────
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп

──────── 26 ────────
Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді

──────── 27 ────────
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас

──────── 28 ────────
Дәмін татсаң – тәтті-ақ,
Түсін көрсең – әппақ

──────── 29 ────────
Тырау-тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам, сорпасы адал

──────── 30 ────────
Қолы бар, саусағы жоқ,
Мойны бар, басы жоқ
──────── 31 ────────
Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп

──────── 32 ────────
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың

──────── 33 ────────
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады

──────── 34 ────────
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр

──────── 35 ────────
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды

──────── 36 ────────
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты

──────── 37 ────────
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады

──────── 38 ────────
Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге

──────── 39 ────────
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі

──────── 40 ────────
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым

──────── 41 ────────
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап

──────── 42 ────────
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді

──────── 43 ────────
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Тура сенің өзіңе

──────── 44 ────────
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр

──────── 45 ────────
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін

──────── 46 ────────
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің

──────── 47 ────────
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан

──────── 48 ────────
Далада жүр шапқылап,
Керемет бір саққұлақ

──────── 49 ────────
Түрі – жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі

──────── 50 ────────
Аяғы бар, басы бар,
Арқасында тасы бар

──────── 51 ────────
Орманда оның тұрағы,
Тоқ-тоқ етіп тұрады

──────── 52 ────────
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен

──────── 53 ────────
Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді

──────── 54 ────────
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар

1 Жуа, 2 Орамжапырақ, 3 Қызылша, 4 Қарбыз, 5 Қауын, 6 Қияр, 7 Жапырақтар, 8 Ұстаз, 9 Кітап, 10 Қарындаш, 11 Қайшы, 12 Сағат, 13 Алма, 14 Аққу, 15 Бор, 16 Мектеп, 17 Әліппе, 18 Құмырсқа, 19 Мысық, 20 Көкек, 21 Көгершін, 22 Ағаш, 23 Зымыран, 24 Ұшақ, 25 Поезд, 26 Троллейбус, 27 Нан, 28 Қант, 29 Аралар, 30 Көйлек, 31 Домбыра, 32 Жаңбыр, 33 Күн, 34 Найзағай, 35 Кемпірқосақ, 36 Аяз, 37 Сабын, 38 Ай, 39 Бұлақ, 40 Шаңғы, 41 Доп, 42 Шар, 43 Айна, 44 Бағдаршам, 45 Көз, 46 Телефон, 47 Аю, 48 Қоян, 49 Зебра, 50 Тасбақа, 51 Тоқылдақ, 52 Ешкі, 53 Түйе, 54 Сиыр


Балаларға арналған жұмбақтар - әр бүлдіршіннің дамуының ажырамас элементі. Дәл осы кішкентай және көңілді өлеңдер баланың логикалық ойлау қабілеті мен зейінін дамытуға көмектеседі. Көптеген жылдар бойы белсенді шығармашылық қызмет барысында Мұзафар Әлімбаев көптеген өлеңдер жазды. Біз сізге олардың кейбірімен танысуды ұсынамыз. (жауаптары төменде)

──────── 1 ────────
Көкала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді

──────── 2 ────────
Көлігі жоқ – көшеді,
Өзін кезбе деседі

──────── 3 ────────
Жіппен келеді,
Үзсең сөнеді

──────── 4 ────────
Жүз төрт түйме,
Он бір ине

──────── 5 ────────
Жауып алсам қақпамды,
Орнатамын ақпанды.
Ашық қойсам қақпамды,
Дей бер шілде боп қалды

──────── 6 ────────
Аузы бар, ішіп-жемейді,
Алайда жұртқа «же!» дейді

──────── 7 ────────
Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас

──────── 8 ────────
Денесі жоқ, тілі жоқ,
Қайталайтын үні көп

──────── 9 ────────
Қаласы бар, үйі жоқ,
Өзені бар, суы жоқ.
Орманы бар, бүрі жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ

──────── 10 ────────
Қос құлақ тұтас біткен тым көрікті,
Айрылмай бір-бірінен күн көріпті.
Біреуі тыңдап, бірі сөйлейді екен,
Құлақтың тіл қатқанын кім көріпті?!

──────── 11 ────────
Екеуі басып тұрар,
Екеуі қашып тұрар

──────── 12 ────────
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім

──────── 13 ────────
Жүргізуші қыз:
Су ішінде өскен тау,
Су бетінде көшкен тау

──────── 14 ────────
Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді-өзіңе

──────── 15 ────────
Ешкім ілмеген шымылдық,
Көкжиекте көлбейді.
Бүктеуіңе көнбейді,
Сипауға да келмейді

──────── 16 ────────
Төңкерілмейтін күбі,
Көтерілмейтін күбі.
Шүпілдеп-ақ тұрса да,
Көрінеді түбі

──────── 17 ────────
Тұрады көтеріп
Жеңілі ауырды…
Ғұмыры өтеді
Қарық қып қауымды

──────── 18 ────────
Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ілби басқан ыбылжып,
Ұшына шықпас жалғанда

──────── 19 ────────
Күндіз құшақтайды,
Кешке жырақтайды

──────── 20 ────────
Әмияны ашылады,
Алтын – зері шашылады

──────── 21 ────────
Желден жынданады,
Судан жым болады

──────── 22 ────────
Өзі селдір,
Өзі желбір

──────── 23 ────────
Он өзі бар
Қобдишам сөзуар.
Тетігін бұрасаң,
Тіл қатар кезі бар

──────── 24 ────────
Туған күнгі таңбаң
Ғұмыры өшпей қалған

──────── 25 ────────
Аяғы аттап баспайды,
Тағы сүйрей бастайды

──────── 26 ────────
Инесі жоқ, жібі жоқ
Шілтер тоқыр, міні жоқ

──────── 27 ────────
Қабырғасыз сөрені,
Халық күнде көреді

──────── 28 ────────
Жаны бар тізбек тебен,
Кім бәрін тізбектеген

──────── 29 ────────
Түрткілейді төбемнен,
Төпелеуге көнем мен
Түрткен сайын сүңгимін:
Бір-ақ шығып тереңнен

──────── 30 ────────
Кеудесі жоқ – күркірейді,
Қолдары жоқ – сілкілейді

1 Қарбыз, 2 Бұлт, 3 Электр тогы, 4 Есепшот, 5 Тоңазытқыш, 6 Қасық, 7 Сыпырғы, 8 Жаңғырық, 9 Географиялық карта, 10 Телефон трубкасы, 11 Малдың төрт аяғы, 12 Жол, 13 Айсберг, 14 Айна, 15 Сағым, 16 Құдық, 17 Ошақ пен қазан, 18 Жол, 19 Белбеу, 20 Ауыз бен сөз, 21 От, 22 Терезе пердесі, 23 Телефон, 24 Кіндік, 25 Шалғы, 26 Өрмекші, 27 Көк күмбезі, 28 Кірпі, 29 Оймақ пен ине, 30 Дауыл


Туғанның бәрі өледі.
Бірақ мен туылған жоқпын, қазір өлімін.
Мен кіммін?

Өте қиын жұмбақ жауабын іздеп әуре болмаңыз)
Жауабын пікірге жазыңдар


«Әлемдегі ең қиын логикалық жұмбақ» — 1992 жылы америкалық философ және логик Джордж Булос ұсынған есеп.

Шарты:

A, B және C деген үш құдай бар. Олар:

біреуі — шындық құдайы (әрқашан шын айтады),
біреуі — өтірік құдайы (әрқашан өтірік айтады),
біреуі — кездейсоқ құдай (кейде шын, кейде өтірік айтады).

Қайсысы қайсы екені белгісіз.

Сіз олардың кім екенін анықтауыңыз керек.

Ережелер:
Сіз тек 3 сұрақ қоя аласыз.
Әр сұраққа жауап тек «иә» немесе «жоқ» болады.
Сұрақты бір құдайға қоюға болады (біреуіне бірнеше рет қоюға да болады).
Құдайлар сіздің тіліңізді түсінеді, бірақ жауапты өз тілінде береді:
олар тек «da» және «ja» дейді
бірақ қайсысы «иә», қайсысы «жоқ» екенін білмейсіз
Кездейсоқ құдай жауапты монета лақтыру арқылы анықтайды:
«басы» түссе — шын айтады
«қыры» түссе — өтірік айтады
Мағынасыз немесе екіұшты сұрақ қоюға болмайды

Шешім идеясы (қысқаша түсінік):

Негізгі әдіс — сұрақты былай құру:

«Егер мен саған Q сұрағын қойсам, сен ‘ja’ деп жауап берер ме едің?»

Бұл әдіс арқылы:

«ja» → шын жауап «иә»
«da» → шын жауап «жоқ»

(яғни, тіл мәселесін және өтірік/шындық айырмасын айналып өтеді)

Қадамдар:

1-сұрақ:
B құдайдан сұра:

«Егер мен сенен “A — кездейсоқ құдай ма?” деп сұрасам, сен ‘ja’ дер ме едің?»

Нәтижесі:

Осы арқылы сен кездейсоқ емес құдайды (A немесе C) анықтайсың

2-сұрақ:
Кездейсоқ емес құдайға сұра:

«Егер мен сенен “Сен өтірік құдайсың ба?” деп сұрасам, ‘ja’ дер ме едің?»

Нәтижесі:

«ja» → ол өтірік құдай
«da» → ол шындық құдай

3-сұрақ:
Сол құдайға тағы сұра:

«Егер мен сенен “B — кездейсоқ құдай ма?” деп сұрасам, ‘ja’ дер ме едің?»

Нәтижесі:

«ja» → B — кездейсоқ
«da» → қалған үшінші құдай — кездейсоқ

Соңында:
Үшінші құдай автоматты түрде анықталады (шығарып тастау әдісімен).

Қысқа қорытынды:
Бұл есептің қиындығы —

тіл белгісіз
біреуі өтірік айтады
біреуі кездейсоқ жауап береді

Сондықтан сұрақты логикалық “айналма” түрде қою — негізгі кілт.


Әлемдегі ең қиын жұмбақ — Эйнштейн жұмбағы

Шарты:

5 түрлі адам 5 түрлі түсті үйде тұрады.
Әрқайсысы әртүрлі темекі тартады, әртүрлі жануар ұстайды және әртүрлі сусын ішеді.

Сұрақ:
Кім балық өсіреді?

Нұсқаулар:
Норвегиялық бірінші үйде тұрады.
Ағылшын қызыл үйде тұрады.
Жасыл үй ақ үйдің сол жағында орналасқан.
Даниялық шай ішеді.
Rothmans темекісін тартатын адам мысық ұстайтын адамның қасында тұрады.
Сары үйде тұратын адам Dunhill темекісін тартады.
Неміс Marlboro темекісін тартады.
Ортадағы үйде тұратын адам сүт ішеді.
Rothmans тартатын адамның көршісі су ішеді.
Pall Mall темекісін тартатын адам құс ұстайды.
Швед ит ұстайды.
Норвегиялық көк үйдің қасында тұрады.
Жылқы ұстайтын адам көк үйде тұрады.
Philip Morris темекісін тартатын адам сыра ішеді.
Жасыл үйде кофе ішеді.

Қысқа нәтиже (жауабы):
Балықты өсіретін — неміс.

Қысқа түсіндіру
Норвегиялық бірінші үйде тұрады. Оның қасында көк үй бар, демек 2-үй — көк.
Көк үйде жылқы ұстайды, сондықтан 2-үйде жылқы бар.
Ортадағы 3-үйде сүт ішеді.
Норвегиялық қызыл, көк, ақ, жасыл үйде тұра алмайды. Сондықтан 1-үй — сары. Сары үйде Dunhill тартады.
Жасыл үй ақ үйдің сол жағында және жасыл үйде кофе ішеді. 3-үйде сүт болғандықтан, жасыл үй 4-үй болады, ал 5-үй — ақ. 3-үй — қызыл, онда ағылшын тұрады.
Неміс Marlboro тартады. Ол шай, сүт, сыра іше алмайды. Сондықтан ол кофе ішетін 4-үйде тұрады.
1-үйдегі норвегиялық су ішеді. Су ішетін адамның көршісі Rothmans тартады, демек 2-үй Rothmans.
Даниялық шай ішеді, сондықтан 2-үйде даниялық тұрады.
Швед ит ұстайды, ол 5-үйде тұрады.
Philip Morris тартатын адам сыра ішеді, демек 5-үйдегі швед Philip Morris тартып, сыра ішеді.
Pall Mall тартатын адам құс ұстайды. Қалғаны 3-үй, сондықтан ағылшын Pall Mall тартып, құс ұстайды.
Rothmans тартатын адам мысық ұстайтын адамның қасында тұрады. 2-үйдің оң жағында құс бар, сондықтан мысық 1-үйде.

Қалған жалғыз жануар — балық. Ол 4-үйдегі неміске тиесілі.

Жауап: балықты неміс өсіреді.


Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды?

Қайын ағашында жаңғақ өспейді

Логикалық жұмбақ және ми жаттығуы:
Тек бір шырпыны жылжыту арқылы теңдеуді дұрыс ет!
Логикалық жұмбақ және ми жаттығуы:
Тек бір шырпыны жылжыту арқылы теңдеуді дұрыс ет!




Бір құс бар қанатын,
Жел тұрса қағатын.
Аттамай бір адым,
Тапжылмай тұратын.

Жел диірмені


Ай сияқты имек,
Жазда көк шалғынға,
Жаудай тимек.
Қыста – сарайға,
Тастаймыз сүйреп.

Орақ


Көктемде –
Түрлі-түске малынған,
Қыста –
Ақ жамылғы жамылған.

Дала


Арқалаған инесі көп,
Киім тіге білмейді.
Әуре болма ұстаймын деп,
Инесімен түйрейді.

Кірпі


Теңіз дерсің,
Толқып жатқан,
Ару дерсің,
Сырға таққан.

Егінді алқап


Ағаштан киген тоны бар,
Пышақпен ұшын жонып ал.
Ақ қағаздың бетіне,
Иректеп салған жолы бар.

Қарындаш

3 шайбы қосқанда → 24
Хоккейші + 2 шайбы қосқанда → 30
Хоккейші + қақпа × қақпа → 39
2 шайбы + коньки × коньки → 17
Хоккейші + 3 шайбы × коньки → ?
3 шайбы қосқанда → 24
Хоккейші + 2 шайбы қосқанда → 30
Хоккейші + қақпа × қақпа → 39
2 шайбы + коньки × коньки → 17
Хоккейші + 3 шайбы × коньки → ?

Шешімі (қадамдап):

3 шайбы = 24
→ 1 шайбы = 24 ÷ 3 = 8
Хоккейші + 2 шайбы = 30
Хоккейші + 2×8 = 30
Хоккейші + 16 = 30
→ Хоккейші = 30 − 16 = 14
Хоккейші + қақпа × қақпа = 39
14 + қақпа × қақпа = 39
қақпа × қақпа = 39 − 14
қақпа² = 25
→ қақпа = 5 (өйткені 5 × 5 = 25)
2 шайбы + коньки × коньки = 17
2×8 + коньки² = 17
16 + коньки² = 17
коньки² = 1
→ коньки = 1 (1 × 1 = 1)
Енді соңғы сұрақ:
Хоккейші + 3 шайбы × коньки = ?
14 + 3 × 8 × 1
= 14 + 24
= 38

Жауабы: 38
Хоккейші + үш шайбы × коньки = 38

3 қолшатырдың қосындысы – 45 тең
Қолшатыр × орамал = 30 тең
Шезлонг – (орамал × 2) = қолшатыр ÷ 3
Шезлонг нешеге тең?
3 қолшатырдың қосындысы – 45 тең
Қолшатыр × орамал = 30 тең
Шезлонг – (орамал × 2) = қолшатыр ÷ 3
Шезлонг нешеге тең?

Шешімі (қадамдап):

3 қолшатыр = 45
→ бір қолшатыр = 45 ÷ 3 = 15
Қолшатыр × орамал = 30
15 × орамал = 30
→ орамал = 30 ÷ 15 = 2
Енді соңғы теңдеу:
Шезлонг − (орамал × 2) = қолшатыр ÷ 3
Шезлонг − (2 × 2) = 15 ÷ 3
Шезлонг − 4 = 5
→ Шезлонг = 5 + 4 = 9

Жауабы: 9
Шезлонг = 9 тең


Жеген сайын жылай бересің?

Таяқ

Кеңес дәуірінен қалған бұл суреттер бүгінгі күні де қызықты.

Ендеше, суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1- Қазір жылдың қай мезгілі?

2- Нақтылай түссек — қай ай?

3- Пәтерде су құбыры бар ма?

4- Пәтерде тек бала мен оның әкесі ғана тұра ма, әлде тағы біреу бар ма? Егер бар болса, кім?

5- Әкесі қандай қызмет атқарады?
Кеңес дәуірінен қалған бұл суреттер бүгінгі күні де қызықты.

Ендеше, суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1- Қазір жылдың қай мезгілі?

2- Нақтылай түссек — қай ай?

3- Пәтерде су құбыры бар ма?

4- Пәтерде тек бала мен оның әкесі ғана тұра ма, әлде тағы біреу бар ма? Егер бар болса, кім?

5- Әкесі қандай қызмет атқарады?

1- Баланың аяғында киіз етік бар, демек қазір қыс мезгілі. Бұл ойды суреттегі өзге белгілер де қуаттайды. Оң жақта пеш көрінеді, ал шынжыры бар екі дөңгелек — пештің ашық ауа тартқышы. Оның ашық тұруы пештің жағылғанын аңғартады, бұл да қыстың айқын белгісі. Қазіргі кезде мұндай пешті де, ауа тартқышты да көп адам бірден тани бермейді.

2- Сол жақ қабырғада ілулі тұрған күнтізбеде соңғы парақ қана қалған. Бұл — желтоқсан айы екенін көрсетеді.

3- Үйде су құбыры жоқ. Егер су құбыры болғанда, бала көбіне ауылда немесе саяжайда ғана кездесетін осындай қолжуғышты пайдаланбас еді.

4- Оң жақ бұрышта қуыршақтар тұр. Демек, бұл үйде баладан бөлек кем дегенде бір қыз бала да тұрады.

5- Әкесінің мойнына асып алған фонендоскоп пен үстел үстіндегі медициналық балға оның дәрігер болып қызмет ететінін аңғартады.

Гонконгтағы бастауыш сынып оқушылары бірнеше секундта шешіп тастайтын жұмбақ екен. Автокөлік тұрған тұрақ нөмірін табыңыз.
Гонконгтағы бастауыш сынып оқушылары бірнеше секундта шешіп тастайтын жұмбақ екен. Автокөлік тұрған тұрақ нөмірін табыңыз.

Жауабы: 87.
Табу үшін суретті айналдырып қарау жеткілікті. Сол кезде көріп тұрған сандар дұрыс тәртіппен орналасады — 86, 87, 88, 89, 90, 91.


Мен әрдайым алға жүремін, бірақ ешқашан қозғала алмаймын. Мен немін?

Жауап: Сағат уақыты (секунд/минут/сағат көрсеткілері).


Бір бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта бір мысық отыр. Әр мысық әр бұрышта үш мысықты көріп тұр. Бөлмеде барлығы қанша мысық бар?

Жауап: 4. (Әр мысық қалған 3 мысықты көріп тұр, бірақ барлығы 4 мысық.)


Бірінші буыным – құс аты,
Екінші буыным – бояу түсі.
Біріктіріп оқысаң,
Ұлт аты боп шығамын.

Қазақ


Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?

Құрылысшы


Құрығы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?

Жылқышы


Қармағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?

Балықшы


Түп нұсқасы –
Халық аты.
Екі шеткі әрпін қысқартса –
Қазақтың қарты.

Татар - ата


Бассаң бір түймесін,
Есігі ашылған.
Керемет күймесі
Кісіні тасыған.

Лифт


Арқасында шалжиясың,
Түнейсің де әл жиясың.

Керует


Шырша саясы – күркесі,
Өзі – орман еркесі.
Қарғып жүрер жан-жаққа
Өте құмар жаңғаққа.

Тиін


Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине.

Кірпі


Секең, секең етеді,
Орман – оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді.

Тиін


Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман – оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді.

Аю


Түнде сөнемін,
Таңертең қайтып келемін.

Күн


Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші.

Радио


Ол жұмса көзін,
Ұйқтаймын өзім.

Шам


«Тик-так», «так-так»,
«Тұр-тұр», «Жат-жат»
– деп әмір береді,
Шаршамай келеді.

Сағат


Байлаулы екі аяғым,
Қолымда екі таяғым.
Зырлаймын қардың үстімен,
Озамын атты кісіден.

Шаңғышы


Су жүрек қорқақ,
Сыбдырдан да қорқады.
Селтиіп екі құлағы,
Елеңдеп ылғи тұрады.

Көжек

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақты қалай шешуге болады?

Алдымен жұмбақты өзіңіз шешіп көріңіз. Кейін жауабын ашып, дұрыс-бұрысын тексеруге болады.

Бұл бөлім кімдерге арналған?

Жұмбақтар балаларға да, ересектерге де арналған. Олар ойлауды және тапқырлықты дамытуға көмектеседі.

Жауабын қайдан көруге болады?

Әр жұмбақтың астындағы «Жауабы» батырмасын басу арқылы дұрыс жауапты көруге болады.

Жұмбақ

Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.