Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 40-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
«Бөрік» емес десем,
Баста ғана тұрағы.
«Бөрік» дейін десем,
Көзді жауып тұрады.Томаға
Бір денеде үш ін,
Бір інде өткір жұқасы.
Келесі екі қос әлібін –
Сақтайды отағасы.Қын, пышақ, сақпы
Ойға қарай зулайды,
Сенсіз өрге бармайды,
Жетелесең қалмайды.Қол шана
Бір сүйем ғана ұсқыны,
Елпектетер күштіні.
Бір-екі құлаш бауы бар,
Не екенін табыңдар?!Мұрындық, бұйда, бас жіп
Отыз отырма, қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған,
Ауыз омыртқа.Уық, кереге, шаңырақ
Есігім шығыста,
Кебежем сол жақта.
Төрім батыста,
Келінім оң жақта,
Отым ортада.
Келіп той,
Құрт-май, қымыз,
Қазы-қарта.Қазақ киіз үйі және оның орналасу бағыттары, ондағы меймандостық
Төрінде төртеу отыр төремін деп.
Көрпеміннің екеуі тұр,
Көтеріп төбе биді беремін деп.Төрдегі төртеу — жүкаяқтың сирағы, есікте жатқан – табалдырық, оның үстіндегі екі таяныш – таяныш көтеріп тұрған маңдайша, яғни есік ағаш
Жетпіс кемпір жер тесіп жатыр.Жайылған керегенің сағанақтары, яғни кереге аяқтары
Қырық найза буылған,
Бір қалпаққа сұғылған.Буылған уық және кигізілген уыққап
Жайсаң қабырға,
Жисаң қом етесің.
Жиылғанда киер екі кепесін.Кереге және жиылғанда керегенің басына кигізілетін кере қап
Дүниеде дөңгелек дәу, білесің бе?
Өзі аппақ жаулығы бар төбесінде.
Үш белбеу, бес киім, бір жапқышы бар,
Сансыз бау, ою-өрнек денесінде…
Сүйектері, жиһазы көзді тартқан,
Ішіне балалар-ау кіресің бе?!
Киіз үй, түндік, үш белбеуі – екі белдеу, бір басқұр, бес киімі – үш туырлық, екі үзік, бір жапқышы – киіз есік
Еңкеймесе екі бетін кір басар,
Еңбектенсе екі беті нұр шашар.Кетпен
Бүйірі тесік жолмен,
Биікке шықтым.Саты
Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.Сыбызғы
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.Қарындаш,қалам
Денесі жоқ, аузы қас,
Аузына түскен құтылмас.Қақпан
Дыбысы жоқ өзінше,
Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер,
Өзге әріпті көзіңше.Ъ белгісі
«Ащы» дейсің қазақта,
Келу үшін осы әріп.
Құрық жалғап азапқа,
Түсті «ш»-ға дос әріп.Щ әрпі
Өмірде жоқ,
Өңірде бар.
Ауырда жоқ,
Жеңілде бар.ң әрпі
Қарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ.Р әрпі
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі