Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 35-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Ақ өзен ағарып
Үңгірге ағады,
Ол жуғанда – тазарады.Тіс пастасы
Толқыннан толқын, далада,
Егісте келеді бір тырма,
Бидайды тырмалайды,
Тәртіпті қадағалайды.Тарақ
Орман емес, жүрмін кезіп,
Мұрт пен шаштың іштерін,
Тісінен қасқыр, тышқанның
Ұзын менің тістерімТарақ
Сөйлеп тұр мата ұзын -
Кестеленген екі ұшы:
Сабында да кішкене,
Сияны жу бетіңнен! –
Әйтпесе сен сүрткенде
Кір қыласың мені!Сүлгі
Жон арқасы сүйектен,
Қылшық қалың жүйекте,
Жалбыз паста жағады,
Бізге қызмет қылады.Тіс щеткасы
Жәй жаңбырға ұқсамай,
Жылы жауын қатты жауар,
Төбені түк те бұлт шалмай,
Күні бойы төгуге даяр.Душ
Жылы толқын шылп-шылп соғады
Шойыннан жасалған жағаға:
Табыңдар, түсіріңдер еске,
Неткен бұл теңіз бөлмеде?
Ванна
Жаны бардай сырғиды,
Жібермеймін мен оны.
Ақ көбігі көпіршиді,
Қол жууға ерінбейді!Сабын
Қара жолақ созылған,
Дала, қырат, таулардан.
Ол не, тап!
Ол - ...Қас
Оларды сеппейді, тікпейді көшетін,
Өйткені олар ..., өздері өсетін.Шаш
Біз оны бастан аяққа дейін
Қысы-жазы киеміз,
Тіпті түнде де шешпейміз,
Өйткені ол біздің ...Теріміз
Сен бар әлемді жылытасың,
Шаршауды еш білмейсің,
Терезеден күллімдейсің,
Сенсің кәдімгі ... дейтін.Күн
Мұрныннан кеудеге өтеді,
Одан кері кетеді,
Өзі көзге көрінбейді,
Онсыз өмір сүрілмейді.Ауа
![]()
Жауабын тауып көріңіздер?Бұл сұрақтың екі дұрыс жауабы бар.
№ 1:
1 + 4 = 5
5 + 2 + 5 = 12
12 + 3 + 6 = 21
21 + 8 + 11 = 40.
Жауап: 40.
№ 2:
1 + (4 × 1) = 5
2 + (5 × 2) = 12
3 + (6 × 3) = 21
8 + (8 × 11) = 96.
Жауап: 96.
Жауабыңыз 40 немесе 96 болса? Екі жауап та дұрыс!
Ішіне адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.Сандық
Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі бар айқыш-ұйқыш.
Көзі бар төбесінде жарқырайды,
Жайса үлкен, жиса бір-ақ уыс.Киіз үй
Итпен бірге таласып,
Табаққа қонып қоймайды
Білесің бе айта ғой,
Танисың ба?Торғай
Бейбіт құсы аталады,
Бар әлемге жар салады.
Танисың ба ол құсты
Аты қалай аталады?Көгершін
Қара жерді қопарған,
Трактордан от алған.
Темірлерден түйілген.
Болаттардан иілген.Соқа
Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ қарағып бөлгендер
Бірін-бірі қуғандар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.Шахмат
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі