Жұмбақтар жинағы – 43-бет

Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бұл 43-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.

Айран


Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп.

Жұмыртқа


Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ.

Жұмыртқа


Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.

Тұз


Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек.

Аяқ


Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.

Өлең


Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.

Ара


Бір итім бар үрмейді,
Ары-бері жүрмейді.
Тамақ берсең жемейді,
Су ішуді білмейді.
Ол тұрғанда еш адам,
Үй ішіне кірмейді.

Құлып


Тетіктерін игеріп,
Алсаң тілін үйреніп.
Ұшырады аспанда,
Алып қанат «инелік».

Ұшақ


Күндіз бар,
Түнде жоқ.
Түзде бар,
Үйде жоқ.
Көз жұмсаң
Мүлде жоқ.

Көлеңке


Бес жігіт біреуінен біреуі аласа,
Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.
Бастары бірікпесе кетер әлі,
Ырқына бір-бірінің ұнамаса.
Тастайды тау қпарып, көл қотарып,
Бесеуі бір ниетпе шыға қалса.

Бес саусақ


Денесі жүрген сайын аласарып,
Сызады алуан кесте тамаша ғып.
Болғанмен діңі қатты, тілі тәтті,
Балалар жатады оны таласа алып.

Қарындаш

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары екінші сынып оқушыларына төмендегі жұмбақ ұсынылған. Суретке мұқият қарап  6 сұраққа жауап беру керек:

1.	Кеме ағынмен жоғары немесе төмен қарай жүре ме?

2.	Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

3.	Өзен осы жерде терең бе, таяз ба?

4.	Айлақ алыс па? 

5.	Айлақ өзеннің қай бетінде орналасқан (оң, сол)?

6.	Суретші күннің қай уақытын бейнелеген?
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары екінші сынып оқушыларына төмендегі жұмбақ ұсынылған. Суретке мұқият қарап 6 сұраққа жауап беру керек:

1. Кеме ағынмен жоғары немесе төмен қарай жүре ме?

2. Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

3. Өзен осы жерде терең бе, таяз ба?

4. Айлақ алыс па?

5. Айлақ өзеннің қай бетінде орналасқан (оң, сол)?

6. Суретші күннің қай уақытын бейнелеген?

Оқулықтың жауаптары:

1. Бакендер орнатылған ағаш ұшбұрыштар ағысқа қарсы орнатылады. Яғни кеме өзенмен жоғары жүзіп бара жатыр.

2. Суретте құстар бейнеленген; олар бұрыш түрінде ұшып бара жатыр, бұрыштың бір жағы қысқарақ: бұл тырналар. Тырналардың топтасып ұшуы көктемде немесе күзде болады. Тырналар оңтүстік жаққа ұшып бара жатыр. Демек, суретте күз бейнеленген.

3. Өзен бұл жерде таяз, матрос фарватер тереңдігін сырық арқылы өлшеп тұр.

4. Кеме айлаққа жақындаған: бір топ жолаушы заттарын алып, кемеден түсуге дайын болып тұр.

5. 1-ші сұраққа жауап беру арқылы біз өзеннің ағысын анықтадық. Өзеннің оң немесе сол жағасын анықтау үшін ағыс бойына қарап тұруымыз керек. Кеме айлаққа жақындағанын білеміз. Жолаушылар біз суретке қарап тұрған беттен түсуге дайындалып тұр. Яғни, ең жақын айлақ өзеннің оң жақ жағасында орналасқан.

6. Бакендерде шамдар орнатылған. Оларды кештен алдын қойып, таңда алады. Малшылар малды ауылға айдап бара жатқаны көрініп тұр. Яғни суретте кешкі мезгіл бейнеленген.



Жасыл адамды көргенде не істеу керек?

Жолдан өту керек


Қай кезде аспан жерден төмен бола алады?

Судағы бейнесінде


Тоғыз қабатты үйден биік секіруге бола ма?

Болады, себебі тоғыз қабатты үй секіре алмайды


Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болады?

1, себебі екіншісін жегенде асқазанда бірінші жұмыртқа болады


Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды?

0, қалғандары ұшып кетті


Үлкен шар басып кетпеуі үшін кішкентай шарды бөлменің қай жеріне сақтау керек?

Бөлменің бұрышында


Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды. Ол не?

Жол

Жұмбақтар жауабымен туралы

Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақтар жауабымен деген не?

Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Жұмбақтар жауабымен кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.