Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 41-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Қыста демалып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды.Субұрқақ
Сырты сары, іші дәрі.Лимон
Құм сиақты ұсақ болғанымен,
Жер бетін жауып үлгереді.Қар
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңдайға!» - дейді.Бағдаршам
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.Сиыр
Өзінше ноян
Қорқақ кім?
Қоян
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні барСағат
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.Мысық
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.Қасқыр
Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тонады.
Қар
Жазда жатсаң - көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.
Ағаш
Дөңгелек пішінді шелпекті пышақпен 3 рет түзу кесу арқылы 8 бірдей бөлікке бөле аласыз ба?Шелпекті ортадан теңдей етіп бір бөлеміз. Кейін перпендикулярынан тағы бір бөлеміз, сонда бізде теңдей төрт бөлік пайда болды. Осы төрт бөлікті бір-бірінің үстіне қойып орта тұстан тағы бір кессек теңдей сегіз бөлікке бөлінген болады.
Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын.1 және 9
Жұлдыздай жарқырайды,
Күндіз бірақ байқалмайды.Ай
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар.Таба нан
Алға жайып тұз-дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды.Дастархан
Ұранды, шаттықты,
Өкiнiш, аптықты,
Бiлдiрiп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.Лептi сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.Сұраулы сөйлем
Сөздi құрап, доп тiземiн,
Қоя салсаң бiр тары,
Жаңалықты жеткiземiн.Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.Сөйлем
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі