Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 45-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Қысы-жазы өзгермес,
Көрсең де күні-түнімен.
Қанша аяз болса да,
Айрылмайды гүлінен.Шырша
Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.Пияз
![]()
Сіздің ойыңызша қызғылт сары шеңберлердің қайсы үлкен?Оң жақтағы үлкен болып көрінгенімен екеуі бірдей.
Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр. Екі құс бір уақытта өзенде жүзіп жүрген бір балықты көріп, тез ұшып балыққа бірдей уақытта жетіп барады. Құстардың жылдамдығы тең болуына қарағанда, балық ұзын ағаштың түбінен қанша метр қашықтықта жүзіп жүр?Құстар бірдей уақытта жетіп барған болса, барған жолдары тең деген сөз, яғни гипотенузалары тең. Пифагор теоремасы бойынша 102 + (25-х)2 = 152 + х2 теңдігі жазылады. Бұл теңдіктен х=10 шығады.
Теңіздің түбінен, салмағы бірдей және судан жеңіл болған және бірінің диаметрі екіншісінен екі есе үлкен болған екі доп жіберілсе, қай доп судың бетіне бірінші шығады?Судың жоғары көтеру күші – заттың көлеміндей судың салмағымен заттың салмағының айырмасына тең. Осы себепті үлкен допты көтеретін күш көп болатындықтан су бетіне бірінші болып үлкен доп шығады.
Атамыздың туылған жылын сұраған едік. Туылған жылын 131-ге бөлсе 112, 132-ге бөлсе 98 шығады деді, атамыз қай жылы туылды?1946 жыл
Төмендегі теңдеудің сол жағындағы 6-лардың арасына +, -, х, :, (қосу, алу, көбейту, бөлу) таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданып оң жағындағы нәтижені шығара аласыз ба?
6 6 6 6 = 5
6 6 6 6 = 6
6 6 6 6 = 8
6 6 6 6 = 24
6 6 6 6 = 30
6 6 6 6 = 48
6 6 6 6 = 66
6 6 6 6 = 180
[ ( 6 x 6 ) - 6 ] : 6 = 5
6 + [ ( 6 - 6 ) x 6 ] = 6
6 + [ ( 6 + 6 ) : 6 ] = 8
[ 6 - ( 6 : 6) ] x 6 = 30
( 6 x 6 ) - 6 - 6 = 24
( 6 x 6 ) + 6 + 6 = 48
( 6 + 6 ) x 6 - 6 = 66
( 6 x 6 - 6 ) x 6 = 180
Жер бетінің едәуір бөлігін су алып жатқандығы белгілі. Қолыңызда бүкіл беттік өлшемдері дұрыс көрсетілген дүние жүзілік карта бар. Ешқандай күрделі есептерге жүгінбей құрлықтар мен мұхиттардың пропорциясын қалай табуға болады?Қайшымен құрлықтарды және аралдарды кесіп таразыға тарту керек. Суларды көрстететін көк түсті бөліктерді де таразыға тартып екеуінің пропорциясын шығарсақ шамамен 71 % су шығуы тиіс.
Стол үстіне қағаз майлық (салфетка) қойып, оның үстне стаканды төңкеріп қойыңыз. Стаканды құлатпастан және қолыңызды cтаканға тигізбестен қағаз майлықы ала аласыз ба?Столды ақырын ұра бастаңыз! Стакан секірген сайын қағаз майлықты ақырындап суыра беріңіз!
Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма?Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға қарай итереді.
Қолымызда екі жұмыртқа бар. Біреуі піскен, біреуі шикі. Қайсысының піскен екендігін, ал қайсысының шикі екендігін қалай анықтауға болады?Жұмыртқаны стол үстіне қойып қолыңызбен айналдырыңыз. Шикі жұмыртқа айналмайды, яғни бір-екі айналып тоқтайды. Ал піскен жұмыртқа жылдам әрі ұзақ уақыт айналады.
Арқаңызбен толықтай дуалға сүйеніп түрегеп тұрыңыз. Аяқ ұшынан (бармақтардан) 15 см алдына сіріңке құтысын қойыңыз. Енді сол құтыны аяқтарыңызды (тізені) бүкпей еңкейіп алып көріңіз. Алайда ала алмайсыз. Мұның себебі неде?Еңкейгенде ауырлық центрі алға жылжиды. Сондықтан тізені бүкпей сіріңкені көтеру мүмкін болмайды. Жалпы жерден ауыр зат көтеретін кезде тізені бүкпей көтеру белге салмақ түсіреді. Бұл зиянды болып табылады. Жерден ауыр зат көтеретін кезде тізені бүгіп барып көтеру керек.
Еңкейіп барып
Асап алады.
Шалқайып қалып
Шаша саладыЭкскаватор
Көкшіл айна үйдегі,
Көрсетеді киноны.Теледидар
Бес жолмен жүреді,
Бар әуенді біледі.Нота
"Қ"-дан бастап, аяқтасаң,
Бес әріпті думанмын.
"Қ" орнына "с" қойсаң,
Нүктелерді қосамын.Қызық - сызық
Құлып аузын ашатын да,
Жабатын да құралмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен
Музыка әлемін ашамын.Скрипка кілті
Шана зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?Қыс
Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,
Сахна толған оркестр әнге басар.
Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,
Ендеше кім, білсең айт,
Ол...Дирижер
Боз арғымақ, аузы жоқ,
Мұрны жоқ - екі құлақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
"Шу" деп, саусақпенен шертіп қалсаң,
Шабады жүйрік әуен тулап-тулап.Домбыра
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі