Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 57-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Ашықса құлайды,
Тойынса жылайды.Қауға
Салбыратып салдым,
Тамшылатып алдым.Қауға
Дүниеден бір құжыра көресің бе,
Жалғыз көзі көрінер төбесінде?
Өзіне барған мақұлық құр қайтпайды,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Құдық, су алу
Өзі бар,
Көлеңкесі жоқ.Құдық
Өзі тоқ,
Көлеңкесі жоқ.Құдық
Есік,
Ортасы тесік.
Құдық
Бір топ қой бір көпірден өтіп жатыр,
Астында бір қобдиға кетіп жатыр,
Өзгеріп заңдары да басқаланып,
Будалап әрбір жоққа жетіп жатыр.
Диірменге түскен бидай
Дария күркірейді көбік атып,
Әркім-ақ іздеп барар жүгін артып,
Дарияның әрі-бері өткелі жоқ,
Біреуі келген емес тірі қайтып.Диірмен, бидай
Қайнап жатқан тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.Диірмен мен ұн
Бір нәрсе асты-үстілі алты қақпақ,
Бар пенде ырызығын онан таппақ,
Бұлт алып айналасы күркіресе,
Қар жауып арасынан болады аппақ.Жел диірмен
Бір нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны,
Бір тарау ортасында байлағаны.
Өзінің жұтатұғын көмейі жоқ,
Қалады жерге түсіп шайнағаны.Диірмен
Бір нәрсе керегесіз дөп-дөңгелек,
Қозғалса жүгіреді зыр дөңгелеп.
Аузына керек асын салып қойсақ,
Шығарат мына жақтан екі бөліп.Диірмен
Күйсеп жатқан тас көрдім.Диірмен
Арқасында аузы бар,
Тұмсығында құйрығы бар.Диірмен
Шаңы жоқтан шаң шығады.Диірмен
Қараңғы үйде қабан күркірейді.Диірмен
Аждаһа дию көрдім аузын ашқан,
Келгенде жем жерінде қарсыласқан,
Мінеді ағаш атқа темір қамшы,
Көр қазір қатты жүрсе тозаң шашқанДиірмен
Ұзын-ұзын қос таяқ,
Өрмелейміз ұстап ап,
Келте-келте көп таяқ.Саты
Өзінің жалғыз аузы бар,
Лебімен от шайнайды,
Гүрілдеп демін алғанда
Алтын ұшқын ойнайды.
Ағаштан күйген ас жейді,
Адамның қолы тигенде
Еңсеріле дем алып,
Кезек-кезек үрпейді.Көрік
Бар екен бір айдаһар аузын ашқан,
Көргенде адам пенде заһар шашқан.
Кетеді ашуланса таудай болып,
Қайнатып қара тасты ашу басқан.Көрік
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі