Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 53-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Тұлғалы кең иығы,
Мұнара оның тұрағы.
Маң далада бұйығы,
Сөнбей жанса шырағы,
Жер астының сұйығы
Фонтан болып шығады.
Мұнайшы
Төл өсіріп момақан,
Уыз ішкен қоймалжың,
Білсең айтшы, балақан,
Еңбегі зейнет қай малшы?Қойшы
Айлар бойы жүзеді,
Жерді көрмей жүреді.
Ақ жал таумен алысқан,
Адамды кім біледі?Теңізші
Шың басына өрмелеп,
Күнге ұмтылар дөңгелек.Альпинист
Арқан байлап беліне,
Шымырлықпен бекіне.
Өрмелейтін қай өрен,
Шыңның шырқау шегіне?
Альпинист
Кең байтақ туған жеріме,
Кетпесін деп жат із өтіп.
Тыныштық тілеп еліме.
Отанды кім тұр күзетіп?
Жауынгер
Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды.Журналист
Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа.
Футболшы
Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бір шарға.Футболшылар
Адамның жүзін,
Басы мен көзін.
Айнытпай келбетін,
Салатын кім суретін?
Бейнегер
Маңдайға жағып шырақты,
Лавалардан тұрақты.
Ағызып отын өзенін,
Жылытқан кім өз елін?Шахтер
Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кім тым асқан?Қылқалам шебері
Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.Полиция
Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді.Балықшы
Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.Бақа
Жоны қара тақтайдай,
Бауыры аппақ мақтадай.
Мекендейді мұз-қарды,
Сүйеді тек ызғарды.
Бұлғаңдайды, қашпайды,
Асықпайды, саспайды,
Мұз үстінде билейді,
Бірақ белін имейді.Пингвин
Сұрқы бір қарыс,
Итбалыққа ұқсайды.
Ұмтылғанда — жолбарыс,
Сүңгіп шабақ ұстайды.Сушылқара
Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.Шортан
Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған.Сазан
Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.Балық
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі