Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 52-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Аяғы жер тіреп,
Таяғы көк тіреп тұр.Киіз үй
Көзі көп қабырға,
Білінбес жамауы.
Тұмсығын шатырға,
Тығады сабауы,
Байланар ақырға,
Бұйдалы танауы.Киіз үй
Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.Күйші
Отан үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.Белгісіз солдат
Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?Тоқымашы
Рояльда ойнайды,
Бірақ та ән салмайды.Әріп теруші
Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім?
Өрт сөндіруші
Көкке ұшқан шарықтап,
Шаңырақтың бауынан,
Ұстап дәйім қалықтап.Парашютист
Ортасында сан халық,
Белдескенде жан салып.
Жерге тимей жотасы,
Атанған күш атасы,
Айбаттыны кім дейді,
Қайраттыны кім дейді?
Балуан
Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды.Етікші
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.Шаштараз
Бал татыған мәзір,
Ол бар жерде әзір.Аспаз
Қараңғыны қақ жарып,
Жүрген кім шам жағып?
Монтер
Жалтылдап қалағы,
Салатын кім қаланы?
Кірпіш қалаушы
Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі.Радио дикторы
Топырақтың құнарын,
Дәл тауып құрамын,
Қай жерде қай дақыл,
Өнім берер бай дақыл,
Зерттеп дәйім жүретін,
Кім бәрін білетін?Агроном
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.Аспаз
Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?
Тігінші
Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?Ұшқыш
Ол жетсе ауылға,
Самсар жұлдыз торабы,
Нұр шашып тұрады.Электрші
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі