Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 60-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Жоғарыдан айдаған,
Белін берік байлаған.
Сидам құлға жолықсаң,
Өз еркіне қоймаған.Кілт
Шешесі үйде қалады,
Баласы кісіге ереді.Құлып, кілт
Ә, керемет, бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді,
Аяғы жоқ, жүрмейді,
Көмейіне тықсаң, сөйлейді,
Тілін адам білмейді,
Ұрықсатсыз ол иттен,
Адам үйге кірмейді.Құлып
Жолда бір бұзау өліп жатыр,
Аузына қолын тықса, күліп жатыр.
Құлып
Қаппайды, шаппайды,
Үйіңді қорғайды.Құлып
Аяғы жоқ жүрмейді,
Үй бағады, үрмейді.Құлып
Аузын ашсаң,
Өкпесі көрінеді.Есік пен от
Арыстан аузын ашса, арс етеді,
Таңдайы жұтып қалса, тарс етеді.
Омыртқасы тұтас та қабырға жоқ ,
Екі көзі маңдайында жарқ етеді.Есіктің ашылып, жабылуы
Үлкен өгіз бар,
Жалғыз көзі бар.Там үй, оның есігі
Қызыл сиырымның жоны жалпақ.Есік
Көк итім қабаған,
Артына киіз жамаған.Киіз есік
Күндіз сырп-сырп,
Түнде жым-жырт.Есік
Мекені жол үстінде тұрар жері,
Бар екен алты жерде қаққан зері ,
Қандайлық қызметті атқарады,
Адаммен бірге жүрер әрі-бері.
Есік
Әрі лап-лап, бері лап-лап,
Қанша үлкен болса да,
Орнына келер жапсақ.Есік
Адам кірсе ашылады,
Сыртқа шықса жабылады.Есік
Дүниеде бір нәрсе бар өзі жансыз,
Жоқ оны ұрмайтұғын адамзатта.
Есік
Ерте тұрдым,
Алып ұрдым.
Етік
Ұзын, ұзын, ұздар-ай,
Ұзын бойлы қыздар-ай.
Бізді құдай айдады,
Белімізден байлады,
Тірідей сорым қайнады.Ши
Баяғыда бай едім,
Ақ сақалды шал едім.
Мұнда келіп сондай болдым,
Қысылған қындай болдым.Ши
Мен елімде дегендім,
Жирен атты бек едім,
Елімнен келіп мұндай болдым,
Белімді байлаған құлдай болдым,
Тонымды жырттырдым,
Сақалымды қырықтырдым.Ши
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі