Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 61-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Әуелінде шөп едім,
Жерге өскен көк едім.
Қолға түстім, ойылдым,
Он жерімнен буылдым.Ши
Өз елімде бек едім,
Желкілдеген жек едім.
Келдім де қыспаққа түстім,
Отыз екі тұзаққа түстім.Тоқыған ши
Үй үстінде төрт шыбық,
Төртеуі де тең шыбық.Түндіктің төрт бауы
Ана ауылдың қойларының бәрі ала аяқ.Уық бау
Үй айнала қан төктім.Басқұр
Ала күшік үй айнала жүгіреді,
Екі басы ішке кіреді.Басқұр
Үйде бір жұдырық,
Сыртта бір жұдырық.Керегенің көгі
Артыңда әкең жұдырығын түйіп тұр.Керегенің көгі
Үйдің іші толған мыс кене.Керегенің көгі
Былайғы елдің баласы
Ашамайын мініп тұр.Керегенің басындағы уық
Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр,
Алпыс кемпір ат байлап жатыр.
Кереге мен уықтар
Жүз жігіт жер тіреп жатыр.Кереге
Алпыс атым ала аяқ,
Жетпіс атым жел аяқ.Кереге
Ай құшақ,
Ай құшақ,
Жиылып келсем-бір құшақ.Кереге
Қырық қой қырқылдақтан су ішіп жатыр.Уық, шаңырақ
Біреуде қырық ұл бар,
Қырқының қырық аяғы бар.
Уық, кереге
Алтынменен аптадым,
Күміспенен күптедім.
Бірін өрге шығарып,
Бірін жерге түптедім.Уық, кереге
Әкесі баласын көтеріп тұр,
Баласы бөркін көтеріп тұр.
Кереге, уық, шаңырақ
Отыз омыртқа,
Қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған-
Ауыз омыртқа.Уық, кереге, шаңырақ
Алпыс атым ала аяқ.Уықтың қаламы
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі