Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 86-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Бір дөңде жиырма төрт жан төбелескен,
Қызығы төбелессе, қалмайды естен,
Жері бар отыз екі майдан ашқан,
Білмейді басқа кәсіп төбелестен.Дойбы
Бір шаһар жаратылды бітеу қақпа,
Жүргізіп патша отыр алтын тақта.
Уәзірі он екіден -жиырма төрт,
Әр уәзір алыс жерде әр уақытта.Дойбы
Асты тақтай, үсті тақтай,
Қонады сол тақтайға үйрек қаптай.
Үйректі екі мерген атамын деп,
Аңдиды тұрғысынан дамыл таппай.Дойбы
Қолыма қалам алдым, қағаз сайлап,
Жүруші ек көшіп-қонып алты ай жайлап.
Қолымда жиырма төрт үйрегім бар,
Жүреді отыз екі көлді жайлап.Дойбы
Жүруші ем жігітімде атты жайлап,
Осы күнде отырмын жұмбақ ойлап.
Қолымда жиырма төрт үйрегім бар,
Отыз екі жүреді көлді жайлап.Дойбы
Бір топ құс ұшып қонды балағанға,
Үйірі жиырма төрт санағанға.
Ісіне құдіреттің қарап тұрсаң,
Қонады екі бөлініп қарағанға.Дойбы
Жансызда бір нәрсе бар төрт бұрышты,
Екі кісі келді де, келді ұрысты.
Екеуінің он екіден әскері бар,
Жиылды да екеуі қатты ұрысты.Дойбы
Бар екен екі жақты екі дуан,
Он екіден әскері бір күн туған.
Біреуін біреуі арбап, құрбан беріп,
Қан майдан соғыс салып көңілі тынған.Дойбы
Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,
Барды да отыз екі көлге түсті.
Балдыры мен шөбіне әбден тойып,
Бір-біріне жаудай боп қарсы ұшты.Дойбы
Жиырма төрт үйрек қонған қиған тасқа,
Орны бар әрқайсының басқа-басқа.
Он солдат оңды-солды ойнатады,
Жиын жоқ адамзатта онан басқа.Дойбы
Бір көлден он екіден қаз ойнайды,
Алсам деп бірін-бірі наз ойлайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып,
Бір-бірін алмасына еш қоймайды.Дойбы
Алты пар, он екі қозы,
Жүрмейді рұхсатсыз оның өзі,
Осыған екі қасқыр кеп таласып,
Ақылмен жеңіп алар жетсе кезі.Дойбы
Бір нәрсе төрт бұрышты, түсі шұбар,
Екі адам екі жақтан аңдып тұрар,
Екеуі он екіден әскер алып,
Жерінде ұшан майдан ұрыс салар.Дойбы
Бір кеме айналасы бітеу қақпа,
Жүргізген капитаны алтын тақта,
Уәзірі он екіден жиырма төрт,
Отыз екі көлде екен әр уақытта.Дойбы
Қария үсті тақтай, асты тақтай,
Үйрегі жиырма төрт қонған баққа-ай.
Ұшқанда бір-біріне қарсыласып,
Соқтықпай ұшады екен қанат қақпай.Дойбы
Жоқтан бар ғып сайратқан,
Жылы тартып жайнатқан.
Тұла бойы тұл жұмбақ,
Елу үш құлын байлатқан.Граммафон
Жоқтан бар ғып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.Граммафон
Бір шұқып тұмсығымен амандасып,
Айналып ахуалын көріп тұрар.
Бір сағат қарап тұрса ақыл ойлап,
Күйіне бар денесін толықтырар.Патефон
Қапасқа бір тотыны қойған байлап,
Отырар қысы-жазы соны жайлап.
Қасына тыңдаушылар жақын барса,
Жіберер қуанғаннан қатты айқайлап,
Өзіне әр түрлі құс келіп тұрар,
Сырты шұбар әдемі келген сұлу,
Әңгіме күні-түні мәжіліс құру,
Қаз мойын көмекейі сақылдайды,
Жиын той көңілденген қызық-қызу.Патефон
Мұрнында бар инесі,
Бетінде бар түймесі.
Аузын ашса сөйлейді,
Табыңыздар не осы?Патефон
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі