Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 87-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Денесі бар, аузы жоқ,
Көмейінен сөйлейді,
Бұл не деген тамаша.
Өлең тартқан кернейі.Патефон
Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,
Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор.
Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты,
Оқыса үйренеді оқыған қол.Нота
Аузы оймақтай,
Ерні етектей.Керней
Қалдырмай емге етін,
Қақтаған күн бетін
Астында төмпештің,
Атқарар міндетін.Барабан
Бойы бір тұтам,
Сақалы қырық тұтам.
Аузы ордай,
Мұрны құрдай.Мандолина
Келеді мына жатқан күймелі бай,
Омырауы сары алтыннан түймелі бай.
Екі шал, жеті жігіт ән салады,
Затының кім екенін білмедім-ай.Сырнай
Бір отау сырты әсем, екі баулы,
Он батыр босағада болған даулы.
Ішінде қыз бен жігіт толған екен,
Бәрі ақын көрінеді жез таңдайлы.Гармон
Жансыздан боз шыққан боз арғымақ,
Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ
Ер ерттеп екі айылын тартып алып ,
Қамшыласа кетеді зулап-зулап,
Мініп ап боз жорғаны күйге салдық.
Он жігіт жол бойында қызмет етеді,
Құбылтып неше түрлі әнге салып.Гармонь
Ағаш, темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін,
Шырқырап неше түрлі ән салады,
Ішіне толтырып ап барлық жемін.Гармонь
Салдырттым әсем қара ат, екі жорға,
Он жігіт қызмет қылар әрең зорға.
Күніне жеті бекет жер алғызып,
Әселмен барып келер нұрлы жолға.Домбыра
Параход от жанады таңдайынан,
Жылтырар екі көзі маңдайынан.
Екі арқан, сегіз тең жіп бар белбеуі,
Сөйлесе тозаң шығар таңдайынан.Домбыра
Әргез-әргез,
Мойыны біргез.
Шақырса келмес,
Қолдан түспес.Домбыра
Мойнында тоғыз торы бар,
Аңыраған екі жолы бар.
Күнде тоқпақ маңдайында,
Арылмаған соры бар.Домбыра
Он екі белбеу, екі арқан,
Екі қазық бір басқан.Домбыра
Қазықтан біраз жылқы келдік жиып,
Бір-екеу қарсы алдымнан кетті тиіп.
Кісідей шыбын шаққан шыбыжықтайды,
Тырсылдап, тырс-тырс етіп кетсе тиіп.Домбыра
Қолымда бір қамшым бар екі өрмелі,
Істеген әшекейлеп әртүрлері.
Бойында сол қамшымның қасиеті көп,
Қолына алған кісі бір сүйенеді.Домбыра, шек, пернелер
Бір ат бар екі кісі арасында
Жиылған көлеңкесі панасында.
Сегіз сәкін, екі әліп, бірі тәштіт,
Жұмбағым менің сондай табасың ба?Домбыра
Екі жерде жалы бар,
Күні-түні жолығар.
Күні-түні тоқпақтар,
Маңдайының соры бар.Домбыра, он саусақ
Базардан алып келген сары сандық,
Он жігіт зорға барып кілтін салдық.
Он жігіт кілтін салып қозғап көрсек,
Сөйлейді әлгі сандық дамбыр қағып.Домбыра
Мойнына қатар-қатар түйме салдық,
Сегіз қыз,сегіз қызға қосылдырып,
Құбылтып неше түрлі күйге салдық.Домбыра
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі