Әйгілі ұшқыш
– Індетіп жауын, жасқанған,
Тажал боп төнген аспаннан,
Кім еді ұшқыш қаһарман
Екі рет Батыр атанған?..
Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар
Админ жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
– Індетіп жауын, жасқанған,
Тажал боп төнген аспаннан,
Кім еді ұшқыш қаһарман
Екі рет Батыр атанған?..
Қол шығарып бір жеңнен
Жауларын да бір жеңген,
Қолбасылар атақты,
Түсінісер бір демнен.
– Дзотқа тосып төсін кең,
Пулемет үнін өшірген,
Атай қойшы Батырды
Ел мерейін өсірген.
– Ор қаласы маңында,
Нұралы хан шағында,
Азаттық үшін алысқан
Іздемей жауын алыстан
– Лақап аты баланың
Тағысындай даланың,
Ыңғайсыздау болатын,
Естіген жұрт күлетін.
Өтінде майдан шебінің,
Жеңіс болса басты арман.
Бейбіт күнде елінің
Қорғанысын басқарған.
Сұраншы, Саурық, Саяндар,
Ерлігі жұртқа аяндар
“Мен атайын, сен тұр” – дер
Шетінен кілең нояндар.
Шығаратын жастар атын,
Тапқырлық та өнер алды.
Тегі Р-дан басталатын
Білесің бе генералды?
Жеткізіп бабалар мұратын,
Шығарған ерінің ұлы атын,
Поэма атауын тапшы сен,
Батырдың атынан тұратын.
Омақа аса сүрінген,
“Етек-жеңін” түрінген
Жауды тығып ініне,
Рейхстагқа Ту ілген.
Алматының ортасында,
Ұқсап шыңның жартасына,
Көкке ұмсынған кесене тұр,
Шөккен бура дәл қасында.
Дайындалған алты айлап,
Жастар намыс оты ойнап,
Мәскеудің дәл түбінде,
Майданға кірген атойлап.
Алғашқы шайқас болған жер,
Апанмен жауды орған жер,
Жәңгір хан мен Жалаңтөс
Жоңғарға ойран салған жер,
Шыңғыс хан төгіп қаһарын,
Сөндірген бейбіт, шат әнін.
Айта қойшы, сен, қане,
Көне қала атауын.
Орақ пен батыр Олжабай,
Кеше алмай тірлік жанға жай,
Елі үшін жаумен шайқаста
Сан түскен сынға – алғадай.
Шығып жатқан жарыққа,
Ісіне ердің қанық та,
Айта қойшы, сен енді,
Наурызбай нешеу тарихта?
Ісіне елі табынар
Ерлерді жақсы танып ал.
Нұрпейіс атаң жырлаған
Панфиловшы Ер тағы бар.
Келтірмес жауын астарға,
Арқау болған дастанға,
Нұрпейіс атаң жеткізген
Ерлігін жырлап жастарға,
Ұшқыш Нұркен Әбдіров
Жауына тажал төндіріп,
Отқа оранған ұшағын
Алды ырқына көндіріп.
“Максимкасы” есіліп,
Тайраңдаған есірік,
Қырып жаудың қосынын,
Аңыз болған осы күн,
Ерлігі шарлап әлемді,
Үлгісі болған ұл-қыздың.
Кім айтады, ал енді
Эпостық жырын қырғыздың?
Жас құрақтай өренім,
Тас бұлақтай зеренім,
Жамбыл атаң демеген
Қоршаудағы ер елін,
Абыздардың атасы –
Нысанбай жырау толғайтын,
Дастанның атын аташы,
Білдірер өзі-ақ мол жайтын.
Қылығы қалмай кісілік,
Кеткен соң мүлдем ушығып,
Айламен торға түсіріп,
Зәре-құтын ұшырып,
Тауып берсең, ал қане,
Кобзарь елі “Васясын”,
Шаршы топта алқалы
Бір асудан асасың.
Хас батырды кім атар?
Күн батса, қайта таң атар,
Шуағын арай таратар.
Өлімі – жеңіс пара-пар
Қырық жылғы қырғынның
Қас батыры қаһарман.
Қолбасшысы мың-мыңның
Қалмаған еш қатардан.
Қыранның баптап алғырын,
Еліне арнап ән-жырын,
Шағында нағыз салбурын
Өксіткен өмір тағдырын.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі