Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 100-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Табаны жалпақ боз жорға,
Тайпалсын десең, сал жолға.Шана
Бір жұмбағым бар, асты қар,
Қадамы жоқ, ізі бар,
Мойнында жібі бар.Шана
Екі таяқ көтердім,
Ортасынан итердім.Арба айдау
Болғанда екеу аға, төртеу ала,
Жиырма сегіз екен тапқан бала.
Өзімен ол көп жүкті көшіреді,
Қандайлық мықты болған жүзі қара.Арбаның екі жетегі, төрт дөңгелегі,шабақтары
Елде артын барлайды,
Жүгірсе артын жарлайды,
Ми айналып қалмайды.Арбаның дөңгелегі
Төрт бала бірін-бірі қуалады.Арбаның дөңгелегі
Тарақ сияқты ергенек,
Ай сияқты дөңгелек.Арбаның дөңгелегі
Қадамы жоқ ізінің, аяғының,
Созса ұшы жетпейді таяғының.
Екі қолын айуанға артып алып,
Әніне салады екен баяғының.Арба
Қырда ағаш,
Ойда ат.Арба
Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.
Жүк артсаң белі тағы майыспайды,
Құйрық-жалсыз ол неткен меңіреу зат?Үстел
Ербегей де сербегей,
Иесіз үйге кірмегей,
Атсыз сірә жүрмегей.Арба
Үсті тақтай, асты тақтай,
Балалары ойнайды,
Барып тоқтамай қоймайды.Паром
Тарыға торғай қонса сақпан біледі,
Түлкіні түнде жорытқан қақпан біледі.
Бір жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз,
Ат құсап шалқасынан жатқан біледі.Қайық
Тап-тап, табаны ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Басып кетсе ізі жоқ,
Бауыздаса қаны жоқ.Қайық
Тоғайда туып, суда өмір сүреді.Қайық
Бар екен екі басты бір мақұлық,
Жүреді аяғы жоқ ырғатылып.
Жаз болса сары қымыз сапырулы,
Қасығын бір шығарып,бір батырып.Қайық
Екі басты белі бар, омыртқа жоқ,
Сүбелік бүйрегі бар, қабыртқа жоқ.
Жүргенде құс табаны жерге тимес,
Бақай, тірсек, толарсақ, тобық та жоқ.Қайық
Сойсаң қаны жоқ,
Жеуге еті жоқ.Қайық
Шапсаң жаңқасы жоқ,
Жүрсең ізі жоқ,
Кессең қаны жоқ.Қайық
Адам істеп шығарған бір жануар,
Құрғақ жерде жаны жоқ,суда болар,
Жаз болса күні-түні су ішінде,
Бұл не еткен жануар табыңыздар.Қайық
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі