Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 97-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Өзен бойын өрледім,
Су таба алмай шөлдедім,
Оң қолымдағы найзаны,
Олай-бұлай сермедім.Өрмек тоқу
Жыңғыл тақтым жұртыңа,
Жылпылдап бұтыңа,
Әне-міне дегенше,
Өте шықтым сыртыңа.Өрмек тоқу
Міне, шашым, аллаға,
Бақан, қылыш, қолға ала,
Қолымда қамшы орама
Қылыш салдым тамақтан,
Тамшы да жоқ қан аққан,
Өлтіріп әбден болғанда
Көргеннің бәрі жаратқан.Өрмек тоқу
Сөкі басын сөлкитіп соға берсең бітеді,
Екі бұтын талтайтып ұра берсең бітеді.Өрмек тоқу
Қосақтап серпе бердім,
Соңынан жорта бердім.Өрмек тоқу
Жүріп келем, жүріп келем,
Екі етекті қусырып ұрып келем.Өрмек тоқу
Қылмаң-қылмаң етеді,
Қаға берсең жарасар.
Екі жағын жапырып,
Ұра берсең жарасар.Өрмек
Қыл-қыбыр да жүн қыбыр,
Жұла берсе жарасар.
Екі мұртын қайырып,
Ұра берсе жарасар.Өрмек
Бір атым бар өзі өте шабан,
Бірден артық мінбейді оны адам,
Қамшылап күні бойы тебінсем де
Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам.Өрмек
Адамға сонша пайдалы,
Басында сансыз көзі бар.Оймақ
Мылжа басты,
Мың көзді.Оймақ
Бір шұқырда мың шұқыр.Оймақ
Екі темір бірігіп,
Кесіп, пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі.Қайшы
Сызылған жолға түседі,
Бойына шақ қып пішеді.Қайшы
Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш.Қайшы
Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.
Аузын аждаһадай ашқан кезде,
Өлектеп атып тастар ішкен асты.Қайшы
Бір нәрсе үш аяқты сүйір тұмсық,
Жейді екен бір жайынның басын қыршып.
Жесе де ол жайынның тояры жоқ,
Қарасаң ішін ашып шөп пен қылшық.Қайшы
Бір нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны,
Бір тарау ортасында байлағаны.
Өзі жансыз жандының себебімен,
Қалады жерге түсіп шайнағаны.Қайшы
Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның күнде жейді басын қыршып,
Матаның жеген сайын басын қыршып,
Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.Қайшы
Тіс деген жоқ, ерні өткір,
Қазықтаулы көмейі.
Қан шығармай өмірде бір,
Өлтіреді, жемейді.Қайшы
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі