Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 99-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Тап-тап, тап жорға,
Табаны үшкір көк жорға,
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.Ине
Сүйегі бар, еті жоқ,
Көзі бар, беті жоқ.Ине
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.Ине
Іші қуыс,
Тысы тас.Ұршықтың басы
Бөркі бар жақсы басында,
Он кісі бар қасында,
Бұйда тағып жетектеп,
Үйреттім өзім жасында.Ұршық
Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар.Ұршық
Ақ лағым арық еді,
Құйымшағы сымпиған.
Әжем бір күн бағып еді,
Семіз болды бұлтиған.Ұршық
Бар екен бір мақұлық жалғыз аяқ,
Аузына тістегені шетен таяқ,
Құдайдың құдіретіне таңғажайып,
Белбеуі беліндегі тоқсан қабат.Ұршық
Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені қылдан таяқ,
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде сансыз қабат.Ұршық
Зырлайды күшік әжемнің
Қолынан сүйек кеміріп,
Күн асқан сайын ақ күшік
Барады мүлде семіріп.Ұршық
Көрінген жол үстінде доғалай бас,
Қолы жоқ, аяғы жоқ бұл қалай бас?
Жағынан шапалақпен сипап ұрсаң,
Атындай жолаушының жорғалай бас.Ұршық
Көк лағым көген сүйреді.Ұршық
Мұрның-мұрның, мұрынды,
Мұрның неден жырылды?
Аузы-басын түк басып,
Сені неден жын ұрды?Ұршық
Жалғыз ғана көзі бар,
Алтыннан белбеуі бар,
Жыңғылдан таяғы бар.Ұршық
Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды.Ұршық
Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістеп алған шиден таяқ,
Жүрген сайын белбеуін қабаттайды,
Беріпті әсемдікті аямай-ақ.Ұршық
Жалғаған ел ортасын,
Жатыр тосып арқасын.Көпір
Жол үстінде төсек,
Оны таба алмаған есек.Көпір
Жол үстінде пөстек,
Оны таппаған естек.Көпір
Тайпаңдайды бүгіліп құла жорға,
Маңызданып аяғын басар зорға.
Неше күн дамыл алмай жүрсе-дағы,
Иіліп жерден шөпті жемес сонда.Шана
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі