Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 96-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Барады, барады,
Аузын ашып қалады.Кебіс
Қара үй,
Қара үйдің ішінде ақ үй,
Ақ үйдің ішінде бес бала,
Бесеуінің қолында бес айна.Етік, ақ байпақ, бес башпай, бес тырнақ
Тұла бойы тыста,
Екі қолы іште.Белбеу
Азанда тұрдым,
Екі сайды қудым.Шалбар
Күндіз толады,
Түнде солады.Шалбар
Таңертең тұрдым,
Айырыма міндім.Шалбар
Талтаймашқа мен талтайдым,
Талтаймаш маған талтайды.Шалбар
Япырмай, отау көрдім есігі жоқ,
Өзінің күн түсетін тесігі жоқ.
Көтерген шаңырақты жалғыз бақан,
Уығының байлауы бар, шешуі жоқ.Қолшатыр
Бір нәрсе, биік іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқұш-ұйқыш,
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жинағанда бір-ақ уыс.Қолшатыр
Күрке ғой көрсең алыстан,
Астында адам қорғалар.
Ұстасаң бір тал қамыстан,
Төбеден суы сорғалар.Қолшатыр
Жайсам - жамшыдай,
Жапсам - қамшыдай.Қолшатыр
Бір жануар бар екен өзі сұсты,
Себеппен ортасында сызық түсті.
Бір жігітті тұрады буындырып,
Дүниеде көрмедім ондай күшті.Сақина
Биік таудың басында қара лашық,
Түңлік жабық болғанмен есік ашық,
Қайда жүрсең қажетің соған түсіп,
Құтылмассың керексіз деп одан қашып.Бас киім
Құйын, құйындікі түйін.Шашбау
Сұлу-сұлу құнаным,
Сылдырлаған жүгенім,
Аяз күнде мінбеген,
Аяғы жерге тимеген.Сәукеле
Шым шиедей қотыр.Кесте
Жарға жаңқа жабысқан,
Екі үзеңгі қағысқан.Ши тоқу
Құрап-құрап тон піштім,
Құлынды биеге бергісіз.Тоқылған ши
Мамық, шуаш иісті,
Шыр айналып жіп болар,
Тоқыса жылылығы күшті
Ағашқа құйындап оралар.Иірілген жүн, жіп
Ұзын-ұзын жолдар бар,
Үйрек қонар көлдер бар.
Ат үстінде шоқиып,
Отыратын күндер бар.Өрмек, шекпен тоқу
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі