Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 92-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Шелектеп құйсаңда су жұқпас.Үйрек
Көлде жүрген көп сиыр,
Жетіп барсаң, жоқ сиыр.Үйрек
Ұзын сирақ, түйе бас,
Жібек жалды қара шаш.
Қарап тұрсаң керуен,
Жасағаны серуен.Тырна
Айтайын бір жұмбақты саған нұсқап,
Басына бөрік киер қара пұшпақ.
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Тұрады екі қолын артына ұстап.Ала қарға
Екі аяғы да жоқ,
Белінде таяғы да жоқ.Жұмыртқа
Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.Қаз
Ай астында жортқан,
Күн астында жортқан,
Күміс сырнай тартқан.Қаз, қу
Қызыл жыңғыл түбінде,
Қыздай болып отырмын.
Беті-қолымды жуып алып,
Мұздай болып отырмын.Қырғауыл
Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады?Тоқылдақ
Аққу емес, мойны ұзын,
Тырна да емес, сирақты.
Аулайды балық күн ұзын,
Түсіреді еске жирафты.Балықшы құс
Сөйлесе сөзді,
Айтса ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.Тоты құс
Меңгіл-меңгіл, меңгілше,
Меңгілде бар тарғылша.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.Бөдене
Желіп кетсе, жеткізбейді,
Тап қасында жатса да адам көрмес.Бөдене
Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.Қара торғай
Даланың көріп пе едің молдаларын,
Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын.
Жиылып бір араға ойбайлайды,
Кез келген дүниеге ол бір жарым.Торғай
Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа табамын.Көкек
Мысық бастан,
Жапалақ түстен.Үкі
Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.Үкі
Күндіз ұшпас,
Түнде ұшар,
Құс қанатты,
Тышқан суретті.Жарқанат
Жар басында жарбиған,
Құлақтары қалбиған.
Тышқан, құс аңдып жүреді,
Бұл құсты кім табады?Жарқанат
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі