Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 95-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Адамның сәні,
Онсыз жоқ мәні.Киім
Артында құйрығы бар,
Төреден бұйрығы бар.Жаулық, кимешек
Артында құйрығы бар,
Төреден бұйрығы бар.Жаулық, кимешек
Өздігінен бата алмас,
Адам өмірімен қатарлас.
Ол болмаса пендеңіз,
Тіршілік өмір жасамас.Киім
Кірт етіп кіріп кетті,
Сырт етіп шығып кетті.Қаптырма
Бір нәрсе қолға жұмсақ былқылдайды,
Аузында екі тісі жылтылдайды.
Салуға өзге нәрсе бұйрығы жоқ,
Арнап салған нәрсеге жыртылмайды.Қалта, әмиян
Не нәрсе жұдырықтай дөп-дөңгелек,
Ішінде бөлмесі бар бөлек-бөлек.
Бөлмесіне көп түлік еркін сияр,
Қабаттап айдап тықсаң ептеңкіреп.Қалта
Жүнсіз қолым жүнді жеңге кірді.Тонның жеңі
Жырығыңа жұмалағым.Ілгек
Дөңгелек айналасы, төртеу көзі,
Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі.
Нәрсені қашық тұрған жақындатып,
Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.Түйме
Көсеуді бесеуге сұқтым.Қолғап, саусақ
Бес ін,
Бес іннің аузы бір ін.Қолғап
Қалада бір нәрсе бар, он сайы бар,
Жігітке пайда болар бір жайы бар.Қолғап
Күні бойы сен оны
Екі аяқтап аласың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың.Етік
Күні бойы сен оны
Екі аяқтап аласың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың.Етік
Ағайынды төрт кісі,
Бір қалпақты киеді,
Төрт кісіні төрт жерден
Төрт ғашығы сүйеді.Сандал
Он екі тесігі бар жалғыз тілі,
Жып-жылтыр, сыртында жоқ тіпті міні.
Көтерер адамзатты қиналмай-ақ,
Жоқ екен күштілікке ешбір кемі.
Сап алар аузын буып қапшығына,
Өзінде дайын екен арқан жібі.Ботинка
Ерте тұрдым, керек қылдым,
Қажетімді өтеп алып,
Босағаға тастадым.Галош, кебіс
Сырты қара, іші қызыл,
Сұғып алсаң жып-жылы.Галош
Аузы аңқайып қалады,
Босағада тұрады.Кебіс
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі