Хантәңірі – ІІІ
– Ей-һей-һей!
Естисің бе сен мені, Хантәңірі! –
Құзарт пенен Мұзарттың ортақ ұлы...
Даусымды алып жөнелді жаңғырық қып,
– Ей-һей-һей!
Естисің бе сен мені, Хантәңірі! –
Құзарт пенен Мұзарттың ортақ ұлы...
Даусымды алып жөнелді жаңғырық қып,
Ұлы ақынның маңдайындай шың басы
Әлі талай жанарларды қарыр кіл. –
Хантәңірінің елден ерек тұлғасы
Көзқырына түсе берді Тәңірдің.
Мықтысың сексеуілдің шонбайындай,
Ойың көп Қаратаудың жолдарындай.
Тамырың сіңіп кеткен тереңдерге,
Келесің қопарылмай, қолға алынбай.
Күн мен Айдан ұят болар, бауырым,
Кетерің бар бұлт құсап та күркіреп.
Бар ғаламға жетпейді ғой жарығың,
Неғыласың көкке сонша күлкі боп?!
«Оңашалап жолықтық жылға жақта,
Сыбырласып сырластық бір-жар апта.
Менен мықты ақын көп, сенем, бірақ
Сенен сұлу ару жоқ бұл қазақта!» –
Мына дүние бейне жынның ордасы,
Еш мігірсіз ышқынып жау бомбасы –
Сансыз өлік жайрап жатыр маңайда,
Тірілерді қайрап жатыр қолбасы:
Думаның да жерітті, тамашаң бар,
Аңсатып жүр иен қыр, оңаша аңғар...
Құт-науырыз далама енді бүгін,
Құт иесі қайда екен қара шалдар?
Жетелеп жолдың торабы,
Маңғыстау жаққа барсаңдар –
Құдайдай күтіп алады,
Ақ шұнақ шалдар, сары шалдар.
Көтермеп еді өлең жүкті қай –
Өшер ме сол күн көңілден!?
Сол күні саған,
Кегендік қыз-ай,
Көп секілді мойнымда қарыздарым,
Сол қарыздың жапсам ғой жалғыз бәрін,
Өткендерді өткенде бір атасам,
Аты аталмай қалатын аңыздардың.
Ақылға көп ерік сап,
Адамжар көп шатасты.
Жүректі ұстап басып-ап,
Тыныштықсыз матасты....
Кестім күретамырды: қан тоқтамайды,
Толмас енді өмірімді жоқтамайды.
Толтырсын, тосыңдар маған тостаған,
Тостағаның бірақ қанды торламайды.
Ұқтырам қалай көпке бұл сырымды, ә? –
Шыға алмай тар кеудеден тұншығуда.
Кезегін күтемін деп көптен бері,
Көзімнің мұң-шығында күн сынуда.
Тамырыңды – арнаңды ылайлап ағып,
Мыйыңа жүр ме, аяулым, мың ой қамалып?
Жаныңның маған дегенде тазалығына
Былай да нанып келемін,
Бүршiктерi буазып тұр бәйтерек,
бұлт – елгезек,
бұтақ бiткен – қаукелек,
шүкiр, шүкiр, көктем шығып келедi,
Өзiңсiз өмiр мәнсiз екенiн,
Өзiңсiз жүрек жансыз екенiн
Түсiндiм.
Түсiндiм, жаным, әлсiз екенмiн
Шыбынымды шырқыратып сен кеттiң,
шылымымды бұрқыратып мен қалдым,
шәрбатыңа шөлдеттiң,
шөлдетердей неңдi алдым?
Сен менi iңкәр еттiң,
ақ қанат гәккуiмдей,
мендегi сұңқар екпiн,
тынар ма аққу iлмей?
Сырымды кiмге ашпадым? –
Тыңдады тамшы, шық бәрi.
Бiрi де сенен басқаның
Жанымды бiрақ ұқпады.
Ақынды түсiнерсiңдер,
Гүл теру үшiн
Айға ұшса...
Қияли кiсi дерсiңдер,
Сенi ғана сүйемiн,
бiр өзiңдi,
қылығыңды сүйемiн, мiнезiңдi,
сағыныштың сан батпан салмағынан,
Ноқталай көрме сезiмдi!
Сезiмдi шектеп не ұттың?
Шалығы деме сөзiмдi
Әсiреқызыл желiктiң,
Ақынға шықпа, жас сұлу,
Қалуың кәдiк жесiр боп.
Күнi ертең шабыт тасқыны
Жалынын оның өшiрмек.
Даланың дымқыл тұманы
Сипайды баяу бетiмнен.
Жартыкеш көңiл тынады
Қанттай болып кетiлген.
Жүрегiмдi ауырттың ғой, жарығым,
Аласұрдым, арпалыстым, арыдым.
Тағдырымды бүгiн ғана таныдым, –
Бәрi уайым, бәрi күмән, бәрi мұң.
Он төртке толған ересек баламын,
Ағаммен бiрге шықтым клубтан.
Жолда ағам маған бере сап баянын.
– Күте тұр, – дедi, – кетпей, Ұлықпан...
Атыңды сенiң өшiрiп едiм,
Тақырыбынан жырымның,
Мың тақырып боп,
Асылым менiң,
Жаратылыста жоймайтын өмiрi мәнiн
Махаббаттың да бiлем мен тәңiрi барын.
Небiр аппақ сазандай сұлу қыздар мен,
Қосады ол жұрттың жаужүрек небiр ұлдарын.
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі