Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 125-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Қысы-жазы шешпейтiн,
Көйлегi бар жасылдан.
Өзгертпейдi еш кейпiн,
Жаралғандай асылдан.Шырша
Ағаштардың көркемi,
Мәңгi жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау-өлкенi,
Кәусәр ауа жұтады.Шырша
Жасыл тонының бояуы,
Жыл он екi ай оңбайды.
Дiнi, бүршiктi сояуы
Қысқы аязға тоңбайды.Шырша
Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар мiзбақпай.
Тау етегi тұрағы,
Жап-жасыл боп тұрады.Қарағай
Дауылға нық күшi,
Ағаштың мықтысы.Емен
Арулары бақшаның,
Көктемдi қатты сағынып.
Шуаққа шықты
Шап шағын,
Бантиктерiн тағынып.Алма ағашы
Қар астында қыстады,
Ақпен бөркiн тастады.Бәйшешек
Күн нұрымен пiседi,
Уылжып қолға түседi.Жемiс
Үйi де жоқ,
Күйi де жоқ.
Бiрақ
Жауыннан да,
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да
Шын шыдайды
Шешуiн айта ғой,
Балалар бiлсiн жайды.Өсiмдiктер
Тау тау ақ қар,
Ерiмейдi ыстықта.Мақта
Кең алқап ақ түске,
Бейне бiр малғандай.
Күзде де, тал түсте,
Қар жауып қалғандай.Мақта алқабы
Жүзiн орап гүлменен,
Күнге қарап телмiрер.
Тiспен шағып,
Тiлменен,
Дәмiн татқан ел бiлер.Күнбағыс
Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған.Күнбағыс
Сырнайынан төгiп жыр,
Күнге сәлем берiп тұр.Күнбағыс
Күндi аңдып шалқалап,
Гүлмен жапқан қалқалап,
Бақшада өскен теректiң
Дәндерiнен май тамар,
Шағып жеген нәр табар.Күнбағыс
Көрсең өскен желiсiн,
Жапырағы қазтабан.
Мөлдiр қара жемiсiн,
Қыста емес, жаз табам.Қарақат
Түбi толған құмалақ.Картоп
Қос құлағы қалқайып,
Су iшкен сайын марқайып.
Күн ысыса тон жинайды,
Доп болғанда ел жинайды.Орамжапырақ
Доптар жатыр желiсi бар,
Қабат-қабат терiсi бар.Орамжапырақ
Аласа тал,
Тамаша тал.
Самсап тұр алмасы,
Ол алқызыл,
Ол қанқызыл,
Боялғанша, алмашы!Қызанақ
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі