Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 128-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Шуақты мол төгемін,
Гүлге бөлеп беремін.
Бас әріпті өшірсең,
Көкіректі керемін.Көктем - Өктем
Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.Жаз -Қаз
Алғашқы буыным,
Көшті бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бірімін.
Екеуін қоссаң ірімін –
Көп аңдардың дүрімін.Жол - Барыс - Жолбарыс
Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Сая жермін,
Тұратын
Құстар әні естіліп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде кешкілік.Бақ - Бақа
Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.Су - Бу
Желбіретіп үкімді,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.Құрақ - Тұрақ
Тәтті дәм үш әріп алғашқы,
Соңына қос әріп жалғасты,
Сен одан өзіңе табасың
Дауылдан қорғанар панасын.
Екеуі біріксе егерде,
Суда өсіп, жүзеді тереңде.Бал - Ық - Балық
Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның.Таяқ - Аяқ
Бойында өссем тоғанның,
Кіргізем дәмін тағамның.
Соңыма қоссаң бір әріп,
Үндемей жүрер адаммын.Жуа - Жуас
Жасыл желек алабым,
Жыл маусымы боламын.
Алғы әріпті өшірсең,
Ең әдепті боласың.Сүлгі - Үлгі
Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әріпім алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.Мақта - Тақта
«Ж» әрпімен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.Жарық - Арық
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.Қаз - Қазы
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар білегім.Қоян - Ноян
Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең егер де,
Жігер берер ұранмын.Балға - Алға
«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңістік.Қала - Дала
«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал.Қара - Ара
Сән берем, әркімге, көңілге,
Ұқсаймын көктемгі өңірге.
Әріпті бастапқы сызса егер.
Жөн сілтер ұстазбын өмірге.Мата - Ата
Қақ тіліп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады.Жол - Қол
Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса
Өлшеммін, дәуірмін.Бақыт - Уақыт
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі