Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 126-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Тiгiп алып көк шатыр,
Қызылкүрең доп жатыр.Қызылша
Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды.Сәбіз
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық.Сәбiз
Қарала қойымды,
Байлап ем,
Желiде жатып тойынды.Қауын
Шертсең көк жолақ сыртынан,
Пiссе үн шықпас ұртынан.
Шикi болса, сампылдап,
- Тиме; — дейдi таңқылдап.Қарбыз
Iшi аумаған жүгерi,
Түрi-түсi алмадай,
Ойымның жоқ бүгерi,
Жесең бал деп қалмағай.Анар
Қызыл күрең түрi бар,
Тебiндеген бүрi бар.
Пiскен кезде қаулайды,
Алтыннан бiр аумайды,
Бал татыған нөрi бар,
Онда емнiң бәрi бар.Шабдалы
Суық ұрса бүрлейдi,
Көктем шыға гүлдейдi.
Күнге басын иедi,
Мол шуақты сүйедi.
Күте бiлсең бабымен,
Өнiм берер қабымен,
Қызыл, сары түйiнi,
Витаминдер жиыны.Алша
Тiл үйiрген дәмi бар,
Сары алтын түс – сәнi бар.
Шақсаң егер кептiрiп,
Сүйегiнiң дәнi бар,
Баққа тұрар сән берiп,
Алқа етiп тiзiп ал.Өрiк
Желiлерi жайылып,
Жол-жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердiң нәрiн татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететiндей үзiлiп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тiзiлiп.Жүзiм
Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.Алма
Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады.Алма
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тiс.Жүгерi
Аласа терек
Күлтеленген жалына,
Ұнаса керек,
Моншақ таққан малына.Тары
Бiреу бердiм,
Онын тердiм.Тұқым
Маржанын түзген,
Сатылап тiзген.Масақ
Бұтақ басында
Ұясы бар,
Дәл осында –
Өмiрiң бар.Бидай
Дөңестеу жотасы,
Бауырында сызығы,
Тамақтың атасы,
Баршаның ырзығы.Бидай
Асыраған –
Ел-жұртты,
Жер мұратты.Бидай
Жезге ұқсас сабағы,
Дәнi – халық тамағы.Бидай
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі