Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 130-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Бiрақ сөз бiледi,
Өз аты онысы.
Соны айтып жүредi.
Және жоқ қонысы.Көкек
Жем көрсе,
Шықылықтап қалтандайды,
Сескенсе,
Жыпылықтап жалтаңдайды.Сауысқан
Секектеп бiр тұрмайды;
Өреден құрт ұрлайды.Сауысқан
Ала шапан кигенi,
Сескенгiш болған соң.
Қыпылықтап жүргенi.Сауысқан
Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ауық-ауық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.Қораз
Шашы жоқ,
Тарағы бар.
Егiнi жоқ,
Орағы бар.Қораз
Күн шықпай сап аттанды,
Қуырады апшыны.
Шырт ұйқыда жатқанды,
Оятады ащы үнi.Қораз
Өзi кiлем түрiндей,
Құдды қырдың гүлiндей.
Гүлге қонса кетедi,
Айырмасы бiлiнбей.Көбелек
Қауырсыны көгiлдiр,
Кiшкене құс.
Беткейде өрiп жүр.Кекiлiк
Бояуы сан түрлi,
Түрi ұқсас тауыққа.Бұлдырық
Тұрқы кептерден кiшi,
Сарғыш мамық төсi.
Айдары желкесiнде,
Өрнегi өр төсiнде.
Бұл қандай құс?Күжiргей
Айдары шағын,
Қаракүрең сауыры
Аппақ қардай бауыры.Қызғыш
Ұшқанда өте ұшқыр,
Алдына жан салмайды.
Алға да,
Артқа да самғайды.
Гүлдердiң сорып сөлiн,
Басады шөлiн.
Жылы жақта мекенi,
Бұл не екен?Колибра
Бес грамм салмағы,
Тұмсығы қармақ.
Қыраннан қалмайды,
Биiкке ұшса самғап.Королек
Сазды жер мекенi,
Құрт-құмырсқа қорегi.
Кереметтей өнерi,
Қанаттан үн бередi.Тауқұдiрет
Маңдайы ақ қасқа,
Ақ жерi жоқ басқа.Қасқалдақ
Сарғыш бояу жалатқан,
Тұмсығы бар қалақтан.
Қауырсыны бiр уыс,
Қара сирақ iрi құс.Жалбағай
Өзi ұя салмайды,
Мекендейдi шатырды.
Бау-бақшаны барлайды,
Зиянкеске батыл-ды.Жарқанат
Жалаңаш болған соң,
Күн бойы бұғады.
Өзегi талған соң
Түнде ұшып шығады.Жарқанат
Қалқан құлақ,
Қанаты бар шатырдай.
Жардан жырақ,
Түнде ұшады батырдай.Жарқанат
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі