Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 134-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Жерді тырнап,
Бұтаны ырғап.
Шөпті сипап,
Ұшады зырлап,
Жанын қинап,
Ұлиды зарлап.Боран
Шөпті жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйіріп,
Әкеткен не шүйіріп?
Құйын
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты.Өзен
Бірде былдыр-былдыр,
Сәбилердің тіліндей,
Бірде сыңғыр-сыңғыр,
Қоңыраудың үніндей,
Ән сап жатқан ерінбей,
Бұл не?Бұлақ
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.Су
Күннің көзі түйілді,
Көкте бұлт үйірілді.
Сұйық моншақ шашылып,
Жерге нәр боп құйылды.
Тамшы
Алдымда тұрды ақ түбіт,
Бірақ ұстай алмадым,
Жүгіріп барып аптығып.Сағым
Аспан түйді қабағын,
Сұр пердесін керді де,
Жапты жердің танабын.Тұман
Сұрғылт түтін,
Бүркесе маңайды,
Адастырар талайды.Тұман
Жиегіне шатырдың,
Судан шеге қатырдым.Сүңгі
Мұхитта дәу бір —
Қалқып тау тұр.Айсберг
Қыс бойы біз коньки тепкенде,
Айдынның мөп-мөлдір көгілдір,
Тозбаған көрпесі,
Көктемде
Бір күнде-ақ бой-бой боп сөгілді.Мұз
Көлдің беті көк әйнек,
Сырғанауға, тым әйбет!Мұз
Мүлгіп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күміс.Қырау
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.Аяз
Тек өзі көрінбейді,
Адамды тоңдырады.
Ызғары дірілдетіп,
Есіңнен тандырады.Аяз
Мөлдіреген жүзімді,
Ұстап едім, үзілді.Шық
Аспаннан ақ ұлпа борады,
Қырқаны сейсепке орады.Қар
Дүрліктіріп қырқаны,
Шақпақ тастың жарқылы
Бұлт көрпесін жыртады.Найзағай
Жаңбыр жуды жерімді,
Көкте өрмек керілді.Кемпірқосақ
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі