Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 132-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Имек тұмсық алғыр құс.Қаршыға
Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап.Қаз
Салатын ұяны.
Өткiр көзi шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы.Бүркiт
Бекінген бір тау теке тұшалау үйге,
Құдайым оны салды мұндай күйге.
Күн шықса жатады салқын үйде,
Күн жауғанда кетеді жапан түзге.Ұлу
Бір мақұлық келе жатыр маң-маң басып,
Құтылмас көзге түссе жолдан қашып.
Бұл жерде оны табар еш адам жоқ,
Таппаса үлкен молда кітап ашып.Бит
Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын,
Тікпесе өзі етік, сақтар бізін.
Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар,
Іс тігіп көрген де емес еш қызығын.Шаян
Кішкене ғана бойы бар,
Адам жейтін ойы бар.Бит, бүрге
Домалақ таудың басында
Тоқты қошқар ойнайды.Бит
Алпыс тісті айдаһар,
Ешқайда қадам баспайды.
Қозғамасаң жатады,
Ештеңеден саспайды.
Ағаштан тамақ жейді екен,
Жұтпай шайнап тастайды.Ара
Тыру-тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.Ара
Қатар-қатар қара нар,
Аспанменен бара бар,
Алды биік, арты жар.Құмырсқа
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.Құмырсқа
Ұзын-ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгізіп,
Ұзартып қойған мұнардай.Өрмекші
Аспаннан ұшып түсті жатқан тері,
Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері.Кене
Кішкене ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.Кене
Қарайып ұшты қарғадай,
Бармаған жері қалмады-ай.
Жерге түсті, ін қазды,
Аяғымен тырмалай.Қоңыз
Ғажайып бір нәрсе бар қатқан тері,
Өзінің қалың тоғай жатқан жері.
Бір күні аштан өлмей, тоқтан өлер,
Жігіттің мұны табар кемеңгері.Түйе кене
Бір мақұлық айдалада қорған салған,
Азапты ажалдымен соған барған.
Мен емес бұл жұмысты айтып жүрген,
Бұрынғы азамат ер содан қалған.Қара құрт
Ана таудың басында ұйыған қатық,
Ол қатықты көрмейді дәмін тартып,
Дәмін татқан қалады сеспей қатып.Қара құрт
Біз жаздық аулым қонған текшесіне,
Етіктің жез қақтырдым өкшесіне.
Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар,
Бөренесін байлаған бөксесіне.Инелік
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі