Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 135-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Келістіріп өрнегін,
Құрып қойды өрмегін.Кемпірқосақ
Бұдақ түтін түсі аппақ,
Көк жүзіне тұзақтап,
Қойғандай-ақ жылжымай,
Тауды өбеді құшақтап.Ақша бұлт
Бірде — селдір жабағы,
Бірде — теңбіл жабағы.Бұлт
Көшіп жүріп желменен,
Сеуіп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген.Бұлт
Етек-жеңі жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Түйдектеліп көшеді,
Тоз-тоз болып өшеді.Бұлт
Дәу шүйкесін,
Күн алды,
Көк Теңізге түсіріп,
Шығарды да жұлбасын,
Жел әкетті ұшырып.Бұлт
Зәулімде тұрағы,
Тіреусіз тұрады.Бұлт
Күндіз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бірақ та,
Түңдігі жабық шаңырақ.Жарық пен қараңғы
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тірліктің,
Ешқашан жерінбейтін.Ауа
Күн көзінен құйылады,
Жер бетіне жиылады.
Құшақ ашып барша тірлік,
Қуанады, сыйынады.Нұр
Терезеден есіледі,
Қараңғыны көшіреді.Сәуле
Жыл мезгілі шуақты,
Жердің беті нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өсті ырғалған.Көктем
Алып кілем —
Гүлге толы
Үсті кілең.Жер
Күнді айналып қозғалады,
Артында жарық жол қалады.
Құйрықты жұлдыз
Мөлдір көкте бір ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара.Шолпан
Көк жүзінде ай батқан,
Жолақ жатыр,
Аумаған
Төгіп алған қаймақтан.Құсжолы
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.Жұлдыз
Жылт-жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.
Жұлдыз
Көк төрінде жоғары,
Ілулі тұр атамның
Сапталмаған орағы.Ай
Бейнесі суда дірілдейді,
Қармаққа бірақ ілінбейді.Ай
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі