Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 131-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Қалқиып құлағы,
Күндiз бұғады.
Серуенге тек,
Түнде шығады.Жарқанат
Түнде жортады,
Жарықта қорқады.Жарқанат
Күндiз сөнген шырағы,
Түнде көрер қырағы.
Тiкiрейiп айдары,
Егiн жауын қырады.Үкi
Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы.Үкi
Қара жағал кiшкене,
Қанаты бар сүйрiктей.
Оған теңдес құс кәне?
Тапшы осындай жүйрiктi?Жағалтай
Жұдырықтай шұбар құс,
Мекенi қыр,
Жұпар дүз.
Дыбыс шықса тыпырлап,
Ұшады тез бытырап.Шiл
Қызықтырар әрi
Қарай берсең табылар,
Алуан түстi бояудың,
Өн бойында бәрi бар.Қырғауыл
Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап.Тоқылдақ
Ағашта болса егер мең,
Хабар берiп морземен,
Тұмсығымен емдейдi,
Сосын көңiл демдейдi.Тоқылдақ
Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегi,
Шабақ iлiп жүредi.Шағала
Үп-үшкiр таяғы,
Жылан көзiн ояды.Дәуiт
Ұзақ тектес құс,
Шiркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс.Қараторғай
Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,
Өнерiне басқанда,
Тұла бойың балқиды.Бозторғай
Әуеде бiр ноқат
Тапжылмай қалқып тұр,
Әдемi бiр ырғақ
Аспаннан шалқып тұр.Бозторғай
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi.Қарлығаш
Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа.Қарлығаш
Ботаға ұқсас саны бар,
Шөл даланың құмайы.
Шәлкем мiнез жануар,
Ашу қысқан ұдайы.Түйеқұс
Сирағы ұқсас қамысқа,
Мойыны бар сорайған,
Денесi бар,
Алыстан
Қарақшыдай қарайған.Көкқұтан
Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бiздей.Тырна
Көк жүзiнде жылжып жай,
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп?Тырна
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі