Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 127-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Қыр басында әрқилы,
Сары теңiз толқиды.Егін
Тегiс жер кесiлдi,
Арқандай есiлдi.Жыртылған жер
Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы.Н әрпі
Мынау доға –
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?Л әрпі
Арықта бар,
Сезімде жоқ.
Балықта бар,
Теңізде жоқ.
Бұл қай әріп ?А әрпі
Мысықта бар, күшікте жоқ.
Ыдыста бар, алмада жоқ.Ы әрпі
Телеграф бағаны деп қаласың,
Насосқа ұқсастығын табасың.Т әрпі
Әуелгі үш әріп —
Дәмге нәр тілді үйірген,
Кейінгі қос әріп —
Мақтаның түсі үйілген.
Қосылса бес әріп —
Темір жіп созып иірген.Тұз - Ақ - Тұзақ
Ешкіден көп табылса,
Түсі болам қойдың да.
Соңғы дыбыс жоғалса,
Ораламын мойнына.Жағал - Жаға
«Ар» мен «ал»-ды қосқанда,
Судағы құрлықпын.
Алдына «М»-ны қосқанда,
Нудағы түлікпін.Арал - Марал
Қуанғанда мақтанып,
Қол соғасың шаттанып.
Ең алдына «Қ» қойсаң,
Қолыңды өтер от қарып.Алақай - Қалақай
Моншағы көп тізілер,
Шуағын төксе күліп күн.
Соңғы әріп «К» болса,
Әжем сынды кісілер,
Қолға тағар мүлікпін.Жүзім - Жүзік
Ұнтағым бал, жерде өсем,
Бар халыққа әзірмін,
Соңғы «Н»-ді «М» десең,
Дастарқанда мәзірмін.Дән - Дәм
Піскен жеміс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.Күз - Жүз
Ақтан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әріп,
Жер қойнынан табыламын.Қыс - Мыс
«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.Тай - Ай
Екі сөзден тұрады,
Құстың аты — құрамы.
Сызсаң егер «Бір» сөзін,
Ас пісірем, көр өзің.Бірқазан - Қазан
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.Мұз - Тұз
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгіп.Түн - Күн
Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады.Қауын - Жауын
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі