Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 74-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Тақылдатып таңдайды,
Егінді тез жалмайды.
Дәнін берер тазалап,
Өзі түкте алмайды.Комбайн
Құстан аумайды,
Көкте заулайды.Ұшақ
Қатар, қатар, қаздай-ды,
Нар түйеше боздайды.Телеграф бағанасы
Түйесі қатар-қатар бір озбайды,
Ішінде ботасы жоқ құр боздайды,
``Шөк`` деп қап бұйдасынан сілкіп қалсаң,
Не түрлі жаңалықтан сөз қозғайды.Телеграф бағанасы
Қатар-қатар жігіттер,
Қарасаң қайда міні бар,
Бір-біріне ұштасқан,
Арасында қылы бар,
Ешбір тамақ ішпейді,
Қолдарында шыны бар.Телеграф бағанасы
Сайда тұрған қу ағаш
Тармақтарын бұрасаң,
Жер шарымен шамалас.Телеграф бағанасы
Бір жылан жердің жүзін орап жатқан,
Сұрасаң сөз айтады бір тараптан.
Ау, жаным, тапқын мұны көп ойламай,
Шығады деп айтып тұрмын көңіл шаттан.Телеграф
Атсыз, жансыз бір нәрсе жаяу жүрген,
Қарына неше жерден шоқтар ілген.
Әрі атсыз,әрі жансыз болса-дағы,
Халықтың неше түрлі тілін білген.Телеграф
Білмеймін аяқтарын неше мыңнан,
Бір нәрсе арқасында жалғыз қылдан.
Өзінің иелері әмір қылса,
Жер жүзін бір сағатта сайран қылған.Телеграф
Алыстан хабар алған,
Айтқан сөз жазылған.Телеграф
Қаз қатар қатарынан бір озбайды,
Аяғын анда-санда бір қозғайды.
Бозінген желіп кетсе желден жүйрік,
Жоқ оның ботақаны құр боздайды.Телеграф
Қатар-қатар қоздаған,
Бірінен-бірі озбаған.
Ботасы өлген інгендей,
Аңырап тұрып боздаған.Телеграф
Жапанда біткен көп ағаш,
Көгермейтін қу ағаш,
Асты топырақ, үсті тас,
Бір бұтағына қарасаң,
Петербормен шамалас.
Бір бұтағына қарасаң,
Бұқарамен аралас.
Жаны жоқ десең жырламас,
Жаны жоқ деп біреуін,
Қылышпен ұрсаң қанамас.Телеграф
Жел жұтады бүйірінен,
Қақалуды білмейді,
Құлағынан май құйса,
Сықылдайды, күледі,
Төбесінен жарқылдап,
Жалындатып күйрейді.
Бәсеңдесе жалыны,
Инеменен түйрейді.Примус
Бар екен бір азырақ іште суы,
Бұл өзі бір талайдан екен қуы.
Бір-ақ қарыс темірді түртіп қойсаң,
Шығады ашуланып сыртқа буы.Примус
Бір нәрсе қатпар қарын гүрілдеген,
Ішінде қуаты бар көрінбеген.
Адамзаттың қолында ықтияры,
Жұмыстан өзі ешбір ерінбеген.Ет турайтын машина
Тамыр-тамыр тамаша,
Тұрған бойы аласа.
Дүниенің жүгін бітіреді,
Адамға барып жанаса.Тігін машина
Шұбар ала қызым бар,
Тұмсығында бізі бар,
Келіп кетер тоқтамай,
Артынан түскен ізі бар.Қол машина
Ой желке, қамыс құлақ, жібек жалды,
Иесі мәпелейді жануарды,
Суарып анда-санда бір шалдырса,
Білмейді қысы-жазы арығанды.Қол машина
Базардан келген бір тайлақ,
Басын қойдым байлап.
Байласам да тұрмады,
Ор текеше ойнап.Қол машина
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі