Достық туы
Алыстан Африка, Азиядан
Жанына жарқын елдің жазы ұнаған,
Жол тартып қаламгерлер келді бізге,
Ұнайды жақсы жырдың сазы маған.
Қазақша өлеңдер жинағы — бұл бөлімде қазақ әдебиетіндегі үздік өлеңдер, әдемі өлең шумақтары және толық өлең мәтіндері топтастырылған. Мұнда әртүрлі тақырыптағы қазақша өлеңдер, жүрекке әсер ететін жырлар мен мазмұнды туындылар ұсынылған.
Осы бөлімде махаббат, өмір, достық, ана, табиғат және басқа да тақырыптарды қамтитын өлеңдерді оқуға болады.
Егер сіз қазақша өлеңдер, қысқа шумақтар немесе толық өлең мәтіндерін іздесеңіз — осы жинақтан таба аласыз. Жаттауға, оқуға немесе бөлісуге арналған ең үздік өлеңдер осы жерде жинақталған.
Алыстан Африка, Азиядан
Жанына жарқын елдің жазы ұнаған,
Жол тартып қаламгерлер келді бізге,
Ұнайды жақсы жырдың сазы маған.
Асыр салып жарысқан
Құлын тайдай торлана,
Келдім аңсап алыстан
Мені туған Ордама.
Даламның көктем туа тау, қырлары
Жаңғырып, жазда қай гүл жарылмады,
Шөп түбі саусақтардың саласындай
Жерде алыс жатыр терең тамырлары...
Айдыны аспан сүйген Ақ Жайықтың
Жайнаған жасыл тоғай жан-жағы ықтын,
Ақтарып ақ бидайдың атырабын
Толықсып тұр тамаша ғажайып күн.
Жаз — егін, самиян дала, саладағы
Телегей теңселген тың даладағы
Масағы ақ бидайдың көкке мезгеп,
Секілді шаншылған сан садақ оғы.
Биылғы балбыраған қоңыр күзде,
Қиқулап қайтқан құстай көгімізде, —
Жол керней жүзген бидай керуені
Ағылды дән маржаны жерімізде.
Даланың ерке көктем гүлі түлеп,
Тағынып көк жапырақ сылқым терек.
Кеп-кеше осы майдың салютіндей
Қақты алғаш жаз дабылын күн күркіреп!
Бүгінгі бір көз көрген
Нарын құмын жырладым,
Кезіңде ертең өзгерген
Баспас қайта жырға кім.
Құмдағы атамзаманғы
Саздан соққан бір лашық
Тозған, іші қараңғы,
Қабырғасын құм басып.
Құм жолы асфальт емес қой
Кездеседі дөңес, ой,—
Мінгеніміз сұр газик,
Тоқтауды ол білместей,
Сары иық Нарын құмының
Күзгі түні тартты ызғар,
Жарығы ай нұрының
Жерден ине тапқызар.
Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.
Жапырақ жұлып жаутаңдап,
Тәкаппарсып түйелер,
Жүр жатуға жай таңдап,
Емес құмға үйелер.
Қымтай тастап қаланы
Құмның жалпақ табаны,
Ордадан сәл жоғары
Тұрды жүзім алаңы.
Мен барғанда ауылға
Жасыл тоғай, құмдарда
Жауын да жоқ, дауыл да,
Жап-жайдары тұрды Орда.
Топырағын туған жеріңнің
Көрмей көп жыл, сен бір күн
Есіңе алсаң: өзіңнің
Елестеп дос,
Нарынның тау, тау қызыл-жасыл құмы,
Үстінен басып бұлттай ғасыр мұңы
Тұрған кез... Бабам құл боп, әжем күң боп,
Жұртқа жұт ханның Жәңгір ашынды үні.
Хош келіпсіз, меймандар,
Аңсап алыс Дунайдан,
Астығым бар, алмам бар
Көр дәулетті молайған.
Білуші ем сұйық сақал Әбіл қартты,
Бойы сұңғақ, жүрегі әділ қартты...
Ат жақты, өткір көзді, жылы сөзді,
Тұнарған қырау қабақ, сөзі ырғақты.
О, бір күз, шағында ымырт түскен кештің,
Қойнында Текелі мен Ешкі өлместің —
Туғанын жырлы өмірге бір досыңның,
Өскенін және қалай ескермеспін?!
КАЗПИ бір өзіміздің жылы ұямыз,
Төбесін көрсек сырттан жылынамыз.
Төрінен ұшырған сан өлең құсын,
Келмесек сағынамыз жылына біз.
Қолына бүркіт ұстап, Шыңғыс тауын
Шолып бір, түлкі аунарда тұңғыш қарын
Абайдың тұрған кезін көзбен көріп,
Ұшырдың, Мұқа, шыңға жыр құстарын...
Дабылынан Октябрь
Ойы - қырым оянып,
Ұлы арманға жеткен бір
Тұрған елім толғанып.
Жарыса сұлу көктеммен
Жарқырап туар Май айын
Жұртпен бірге күткем мен
Гүлін Майда даланың.
Тамаша, сүйем көркін осы майдың!
Өзі бір жырдай сұлу асылы айдын.
Аспаннан аңсап ұшқан аққу, қазды
Тұр мөлдір көк толқынды тосып айдын.
Қандай сұлу туған өлке қырлары, —
Шуағына шомылтқан мол апрель!
Сайрай білсе соны ақын жырлары,
Жаны самғай, қағып таңдай ақыр ел.
Шуағы мол, күн отты,
Бітіп айы көктемнің,
Ойды, қырды түлетті,
Жаңбыр күтпес көктен кім?
Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.
Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.
Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі