Аспан да ертеңгісін тұрған ашық
Аспан да ертеңгісін тұрған ашық,
Қаланған тау тастары - бір қалашық.
Тездетіп, «Қора тасқа» жетіп келдік,
Мал жайған жерді қарап қырдан асып.
Аспан да ертеңгісін тұрған ашық,
Қаланған тау тастары - бір қалашық.
Тездетіп, «Қора тасқа» жетіп келдік,
Мал жайған жерді қарап қырдан асып.
Бір жақсысы ауылдың ортақ әні,
Елінің де еңбекке зор талабы.
Бір жаманы жастарға жұмыс та жоқ,
Кетіп жатыр бетке алып әр қаланы.
Қазақтың байтақ даласын
Шарлады бүгін Алаш үн.
Әлемге атын паш етті
Тәуелсіз елім - дара шың.
Уақыттың керуен көшіне еріп,
Сөйлейін бүгін шешіле келіп.
Сұмдықты небір көретін болдық,
Еліктеуменен есіре беріп.
Өкініш күй отырмын шерте бүгін,
Қателікке соқтырып еркелігім.
Кешір мені анашым, білместікпен,
Ойнап жүріп от басты тентек ұлың.
Ажал келсе жанды алар тылсым көктен,
Қайран өмір,тез солар гүлсің неткен?!
Отан қорғау жолында құрбан болған,
Қош болыңдар қырандар қыршын кеткен.
Тағдыр кейде көндірмес құламауға,
Жығылсам да тырыстым жыламауға.
Бос көңілім тек қана жасқа толды,
Шыдамай әділетсіз бұла дауға.
Қоғамда құлдық сана асқынып тұр,
Тәуелсіздік табанын тас тіліп тұр.
Мәңгүрттер өміріне мәз боп жүрсе,
Ұлтшылдар жанарында жас тұнып тұр.
Түсінсең жырдың мәнін,
Сағынып жүрмін жаным.
Сен үшін тауға шығып,
Жинаушы ем гүлдің бәрін.
Бәрі есімде сенімен өткен күнім,
Көктемгі түн табиғат төкен нұрын.
Уәделескен уақыттан кешігіп қап,
Әрең-әрең жеткен де, сөкендігің.
Сезім қайнап, қаймықпай жел өтінен,
Дауылда да сан қызбен кеңесіп ем.
Бозбала шақ, әліде қол бұлғайды,
Өткен күннің оралмас елесінен.
Әркімге мойын бұрып қарамаса,
Талай жанның жүрегін жараласа.
Сол үшін де Жангелді кінәлі ме,
Кінәлі ме, көңілі қаламаса.
Шаттықты алмас қыламын,
Берілмей еш бір мұңға,
Тірлікті жалғастырамын,
Кетпеймін еш кұрдымға.
Қуат беріп бір ғана жылы сөзің,
Шуақ төгіп таратты өлкеме нұр.
Селт еткізіп сендегі ұлы сезім,
Ұйқысынан оянды ерке көңіл.
Сен тұратын көшеге тұңғыш аттап,
Есіңде ме,барғаным гүл құшақтап.
МЕН келемін сол түнгі сырды сақтап,
СЕН жүрмісің мен берген жырды сақтап?
Сенің атың Сезім дейтін ұлы күш,
Менің атым көз ілмейтін Құбылыс.
Сендік жүрек мені сүйген періште,
Мендік жүрек кеудемдегі пейіште.
Жырақ қалған жарқын менің,
Шуақ тамған алтын белім қайда.
Жауын кешіп өзіңменен,
Сыр ақтарған бал түндерім қайда.
Үйлестірген жүректің күйсандығын,
Сен әнімсің ең сұлу шырқар бүгін.
Мені қойшы тоңбаймын бұл қарлы күн,
Өзің жаурап қалмашы бір тал гүлім...
Кейде өмір сияқты тамұқ түн,
Ал бірде ерекше ғажайып.
Саны артқан сайын бұл халықтың,
"Адамдар" бара ма азайып.
Күнді аңсаған гүл сынды,
Солғын тарттым бір түрлі.
Бір сағыныш мұңайтты,
Менің жарқын күлкімді.
Көп менің таусылған сәттерім,
Сиясы секілді қаламның.
Ей,өмөр не деген тәтті едің,
Сияқты қылығы баламның.
Жүрген шақта мұнар ойда,
Лап қойғандай тұла бойға
От келіп.
Өрт сезімді өкіндірген,
Өмір – Шындық
Өлім дейтін – Өтірік,
Өлемін деп опық жеме өкініп.
Күннің нұрын,
Көріксіз ой – көкірегін көмген сыз,
Дүниеде жан болса ең дәрменсіз,
Ол – Мен, Сенсіз,
Қалайша
Ерте кел, жаным, ерте кел.
Ерте келмесең, ертең кел.
Ертең келмесең ереуіл
Суалған көңіл дерт емер,
...Таңым да атты бозарып,
Күнім де шығып келеді –
Көңілім-көгім тазарып,
Жасанып жырдың желегі...
Жарғағын құлағының гуіл жарып,
Безеді елірген күй қиырды алып.
Құйғытып қырларды аттай торы бесті
Шабады жал-құйрығы суыл қағып.
Көңілім – көгал көктемгі,
Қиялым – аспан тұңғиық.
Қия алмай тұрмын өткенді,
Қол бұлғар алдан шың биік.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі