Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.
Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.
Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сөйтсе де бірден танып кідірмейді.
Күні-түні барады тынбай жүріп,
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмейді.
Сен жүрмесең, ол да сірә жүрмейді,
Күнде жаңа, ескіріп көнермейді.
Көлге түсіп, қуаңға аунасаң да,
Тәніне шық, етіне шөп енбейді.
Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Алам аяқ, алам аяқ,
Жүгірсем жеткізбейді жалаң аяқ.
Күніне бір өліп, бір тіріледі,
Ақырында тұра алмай кідіреді.
Ойланғанға келісімді шешуі бар,
Ойланбаса мұны да кім біледі.
Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.
Екі жар бірін-бірі шамалаған,
Тал шығып жағасында сабалаған.
Ақ күшігім арбадан қарғып түсті.
Оным отызға бердi,
Отызым ылпыңға бердi.
Ылпың жылпыңға бердi
Жылпың жылжыта бердi.
Жайлаған бір көшеде отыз бөрі,
Он жігіт сол бөрінің қызметкері.
Сайраған ортасында жалғыз қызы,
Бүркейді оның бәрін екі тері.
Он атты, он жаяу, қырық найзалы,
Қыздың сөзі пайдалы.
Асыққаның аяңдай тұр,
Асықпасаң бір-біріңе таялмай тұр.
Айдын көлде асыл тас,
Ау салса да алынбас.
Жиырма баласы бар төртеуара,
Бірі ұзын, бірі қысқа дара-дара.
Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,
Білімпаз мамандығы болған сара.
Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі, отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді әрі-бері.
Жаламада жалғыз тұяқ.
Аппас жұмбақ,
Адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,
Қызыл алтынға батпас жұмбақ.
Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.
Сақыр-сақыр сақасы,
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы,
Діңкілдейді қазығы.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі