Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 21-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Аппас жұмбақ,
Адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,
Қызыл алтынға батпас жұмбақ.Адамның тәрбиесі
Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.Ана сүті
Сақыр-сақыр сақасы,
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы,
Діңкілдейді қазығы.Бесіктегі бала
Өлмесең де өлмейдi,
Өлсең де өлмейдi.Адамның есімі
Жаралғанда жабысқан.Адамның есімі
Ел ішінен келді, аты жоқ,
Ел оған ат берді жаны жоқ.
Соғымына екі қой берді,
Еті бар, сүйегі жоқ.Жаңа туған бала
Отты өшіреді,
Шөпті өсіреді.Су
Мың-миллион пернелі
Домбыраны көрген кім?Темір жол
Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар.Фортепиано
Қысты күні қаптап,
Қонып жатыр бақбақ.Жапалақ қар
Құрт іліп, суға малып алдым,
Тереңнен балық алдым.Қармақ
Көк тіреген діңгек тұр,
Бар әлемнен сыр кеп тұр.Телемұнара
Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.Портфель
Түсі әппақ қардай,
Тәттілігі балдай.Балмұздақ
Қанаты бар, ұшпайды,
Адам қолда ұстайды.Асыранды қаз
Жұмсақ,
Бірақ, металл.
Сызсақ,
Тырнақ батар.Қорғасын
Ағайынды он батыр,
Екі айыр жолда тұр.Екі яқ, он башпай
Көкте ұшады тізіліп,
Жұрт қарайды қызығып.Тырналар
Түнеріп келіп,
Гүл егіп кетеді.Жаңбыр
Сырты қызыл, іші ақ,
Қалады ерте пісіп-ақ.Шалқан
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі