Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 33-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Өзі арық, сөзі – әріп.Қалам
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.Кітап
Қар суы еріп, сай-салаға толады,
Жер көгеріп, бүршік атып,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?Көктем
Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ...Тауық
Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады.Тоқылдақ
3, 8, 11, 19, 30, 49, ?, Мына сандардағы сұрақ белгінің орнында қандай сан болуы тиіс?Солдан бастап екі санды қосқанда үшіншісі шығады. Осы реттілік бойынша сұрақ белгінің орнында 79 болады.
Төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын үй салу мүмкін бе?Иә мүмкін. Солтүстік полюске салсаңыз төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын болады.
![]()
Сөредегі кітаптар
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?40 кітап
Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?
Ал зердеге салайық
Болады екен қай әріп.Ж әрпі
Бос жер қалмай аспанда
Түнде шешіп тастаған
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған?Жұлдыз
Ж-дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде.Жалау-палау
Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж-ны алып тастасаң
Дүйім елге қорекпін.Жастық-астық
Құйрығы он қарыс
Бұл айбатты ...Жолбарыс
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.Бағдаршам
Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.Жол
Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.Бағдаршам
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.Жол
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.Милиционер
Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?
Али 21
Ғани 22
Мақсат 24
Саламат ?34 . Өйткені алғашқы сан есімдегі дауысты дыбыстардың, ал екінші сан дауыссыз дыбыстардың санын көрсетеді.
Құмыра
Қолымызда су құюға арналған 21 құмыра бар. 7-і толы, 7-і жартылай толы, 7-і бос. Бұларды үш адамға теңдей етіп бөлу керек, әр адамға 7 құмыра және тең мөлшерде су үлестіру керек. Сіз қалай бөлер едіңіз?Әр адамға 7 құмыра және 3,5 құмыра судан тиеді. Мұның екі түрлі шешімі бар:
1) А және В екеуі, 2 толы, 2 бос және 3 жартылай толы құмыраларды алады. С, 3 толы, 3 бос және 1 жартылай толы құмыраны алады.
2) А және В екеуі, 3 толы, 3 бос және 1 жартылай толы, ал С болса, 1 толы, 1 бос және 5 жартылай толы құмыраны алады.
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі