Мақалалар Өлеңдер Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер
Нарша Булгакбаев жариялаған ұлағатты, дана, нақыл сөздер мен ойлар осы бетте жинақталған.
Пайдалы, нәтежиелі, дәлелденген ақпарат; білім мен тәжірибеге сүйене отырып жазылған кітап; міндетті түрде пайдасын береді! Қазіргі уақытта ең танымал жазушылар адамның СЫРТҚЫ өмірін (тұрмыс-тіршілігін) жазатындар емес, ішкі жан дүниесін (болмысын) жазатындар, олардың басты артықшылығы, бір маңызды нәрсені түсінді – проблема СЫРТТА емес.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, жазушы, білім алу Нарша Булгакбаев
Сіздің бес сезім мүшеңіз бағдарламалау (программирование) құралы болып табылады, егер сіз өзіңізге және өмірге дұрыс көзқараспен қарамасаңыз, сіз ақиқатпен, яғни Құдаймен және оның жаратқан заңдылықтарымен байланыс жоғалтып аласыз, соның салдарынан өмірді өзіңіз қалағандай ғана көре бастайсыз. Бұндай жағдайда Жаратушымен байланыс әлсірейді және басқаға құл болу (тәуелді болу) қаупі бар.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сезім, оқу бағдарламалары, программа, Өмір, көзқарас, ақиқат, құдай, жаратушы, құлшылық Нарша Булгакбаев
Адам өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс. Күні бойы сіз үнемі өзіңізбен сөйлесесіз яғни ойланасыз және қоршаған шындық (өмір) туралы ақпарат жинайсыз. Сіз дәл компьютерге ақпарат енгізетін бағдарламашы сияқты әрекет етесіз, тек бір ерекшелігі: сіз әрі бағдарламашысыз (программист) және бір уақытта компьютерсіз (ми/сана).
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, жаратылыс, Өмір, шындық туралы, ақпарат, компьютер, ми, сана, программа Нарша Булгакбаев
Біз «күнәһар», «жаман адам» деп атайтын бақытсыздыққа ұшырағандар өзінің ішіндегі жағдайға және айналасындағы өмірге ақиқат тұрғысынан дұрыс қарамайды, сондықтан «тек менікі дұрыс, өмір дұрыс емес» деп шарасыздықпен сеніп, шынайы өмірмен байланысын жоғалтып алады, бұны тек жүрегін улап көрген адам ғана түсінеді және әлбетте ол оны әдейі жасамайды (себебі бұл дерт), барлығы Алланың рұқсатымен ғана болады (тура жол, адасу).
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақытсыздық, күнә, жаман, адам, шындық, Адасқан өмір Нарша Булгакбаев
Ақпарат ағыныныда адам пайдасыз ақпаратты тез оңай жаттап алады, ал пайдалыға біраз бас қатыру керек болады. Жалғыз ерік-жігер мен жүрек проблеманы шешу үшін жеткіліксіз, өйткені барлық проблеманың шешімі «жалған ақпаратты қабылдауды тоқтату» болып табылады.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, пайдалы ақпараттар, адам, ерік-жігер және жүрек, проблема, жалған, ақпарат, қабылдау, өмірдің мәні, шешім Нарша Булгакбаев
Жетістікке жету және одан да жемісті, бақытты өмір сүру туралы шешім қабылдау жеткіліксіз, өйткені бұл мәселенің жүрегін қозғамайды, бұл қате түсінік. Біз өз жағдайымызды шын бағалап, қоршаған ортамызды шынайы тұрғыдан түсінгеннен кейін ғана біз өзімізді ақиқатқа қарай өзгерте аламыз.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Жетістік, жемістер, бақыт, Өмір, шешім, мәселе, жүрек, қате, түсінік, жағдай, қоршаған орта, шынайылық, ақиқат Нарша Булгакбаев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі