Ажалға, ұлым, не айта алам
Ажалға, ұлым, не айта алам,
Ен күйіме сен менің?!
Тірілтетін қайтадан
Құдай емес,
Ажалға, ұлым, не айта алам,
Ен күйіме сен менің?!
Тірілтетін қайтадан
Құдай емес,
Кез боп тірлік сойына,
Ерте кеттің, қарағым.
Сенің жұмбақ жайыңа
Мен де бір күн барамын.
Сен – Мұнарбек емессің,
Қара тассың!
Мен – жүрегін шер қапқан жара таспын!
Махаббат жоқ,
Таппай тағдыр жөндемін,
Не талқыға көнбедім?!
Бәлкім, содан болар ма –
Жанбай жатып сөнгенім?!–
Уайымын жегенім –
Кәрі құртаң, жас бала.
Елім, жұртым дегенім –
Атылған оқ шошқаға...
Заман қысымы зорайды,
Бас көтерерлік жоқ шама.
Адам Адамға қарайды –
Қарағандай құнсыз Ақшаға.
Халықтың қамы үшін,
Қаділдік намы үшін –
Жырттым мен аяспай,
Хас жырдың намысын.
Жазымнан жалғыз ұл – ғайып,
Ойлай да ойлай ортайдым.
Көңілдің тоғы ұрланып,
Жасыма жетпей қартайдым.
Жаңа күнді, айтшы, қалай бастайын,
Көріп қалсам, көзімді алып қашпайын.
Бір-ақ көріп ұнатып ем кезінде,
Өртенген соң өкінішке баспайын.
Ұшты қимас бақыты
Баян жайын бетке алып
Қайран алтын уақыты
Қаңылтырдай тоттанып.
Айқасты ата дұшпандай,
Жолайырықта кезігіп –
Жат қиянға ұшқандай,
Жылы ұядан безініп...
Барар жерің сенің де,
Барар жерім менің де –
Көппен көрер Ұлы Той –
Асықпайық Өлімге?!
Күннің көзін қайғы алып,
Құдірет қылды тосынды:
Аспан жерге айналып
Түсті...
«Ағуз Білаһи мінашайтанірәжім
Бисми-л-лаһи-р-Рахмани-р-Рахим...» –
Таусылып
Таппай лажын
Пендеңнің кем-тар шағы бар,
Жаратқан Ием,
Сиындым.
Іздегенім оңай табылар –
Мен қараймын анаңа,
Анаң маған үңіліп –
Күн сөнеді санада
Тіршіліктен түңіліп.
Жерініп естен танасың,
Қорынып қаның қайнайды.
Ұмытшақ Адам Баласын,
Құр үмітке жіпсіз байлайды.
Салды тағдыр саралап,
Қыл бұрауын тақымға –
Жан-жүрегін жаралап,
Обал болды-ау Ақынға?!
Құранның аят-сөзіндей
Қыран-бейнеңді қорыдым.
Соқырдың шыққан көзіндей –
Үңірейеді орының...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі