Ахат Кендебай — өлеңдері, өмірбаяны және толық шығармалар жинағы

Ахат Кендебай өлеңдері, әдеби туындылары және автор туралы мәліметтер осы бетте топтастырылған.

Бұл беттен Ахат Кендебай жарияланған өлеңдерін оқып, басқа бөлімдеріне өтіп, ішкі сілтемелер арқылы қосымша материалдарды таба аласыз.

Автор туралы

Ахат Кендебай — 1949 жылы 11 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Жаңа Күш ауылында туған. Осы ауылдан бастауыш мектепте білім алып, Бірінші Май елді мекеніндегі мектепинтернатта оқуын жалғастырған.

1974 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының «Фармация» бөлімін тамамдаған.

1967 жылы орта мектепті аяқтаған соң Шымкент фосфор тұздары зауытында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, Большевик совхозында дәріхананың меңгерушісі, 1983 жылы Жетісай ауданындағы «Фармация» өндірістік кәсіпорнының директоры, 1997 жылдан Шымкент қаласындағы Дендрарий бағының басқарушысы қызметтерін атқарған.

Ақынның 2002 жылы «Замана желісі» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. «Ой тұтқыны», «Көгершін көңіл» атты жинақтардың авторы.